Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі

Жоспары
1 Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі 4
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12

Кіріспе
Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

1 Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.

Көтерілістің етек алуынан сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы патша әкімшілігінен көтерілісті басу үшін әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.

Қорытынды
Көтеріліс стихиялы түрде 1797 жылдың аяғына дейін созылды да, тоқтады. Оның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — ұйымшылдықтың болмауы, нақты мақсатсыз, стихиялы өтуден еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5.
2. Рысбеков Т. «Өскен өлке тарихы».
3. Қазақ совет энциклопедиясы.