Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Күлтегін ескерткіші - түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы

«Түркi халқы жойылмасын, ел болсын»
Күлтегін жазуы.
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан.

Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.[6,4-б]

Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон – Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.

Әдебиеттер:
1. Ғ.Айдаров. «Күлтегiн ескерткiшi». Алматы. 1996, 13-б., 177-б.
2. «Қазақ СССР тарихы» I том 450-458 бет.
3. Аманжолов. «Түркi халықтарының тарихы». I том, 177-б
4. М. Кемел. «Даналық дәрiстерi», «Күлтегiн-тоныкөк». 55-б
5. Тiлеген Садықов «Күлтегiн кұдiретi»// Егемен Қазақстан. 2004, 18 наурыз. 5-б
6. С. Бақытжанов. «Күлтегiнмен келген кие»// Егемен Қазақстан. 2001, жыл 19 мамыр. 4-б
7. Ислам Қабышұґлы «Халқымыздың өркениетке қосқан асыл мурасы»// Егемен Қазақстан. 2004, 20 наурыз. 4-б