Махамбет Өтемісұлы ақындағы
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлы Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) 1803 жылы дүниеге келді.
Жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады.
Махамбет жайлы жиырма жылдың үстiнде iздестiру-зерттеу мақсатында ел аралап, архивтердi ақтарып, жиған-тергенiмiздiң бiрқатарын баспасөз бетiнде жариялап, бабамыздың бай мұрасын халқымыздың игiлiгiне жаратуға қолдан келгенiнше атсалысып келемiз. Бұндағы айтайық дегенiмiз: батырдың қызметi туралы, өлеңдер жинағы жөнiнде әлi де тиянақты ғылыми тұрғыдан дәйектi кiтаптар көрiнбейдi. Кейбiр жерлестерiмiз еңiреген ердiң еңбегiне жеңiл-желпi қарайды екен. Сондайдың салдарынан болар, Махамбеттiң әдеби, музыкалық шығармаларын жинастыру кемшiн. Атырауда талай тарихшы, әдебиетшi, т.б. мамандар, көптеген қоғамдар, iрi кәсiпорындар бола тұра, осы күнге дейiн оның жанкештi болып, шыбын жанын шүберекке түйiп, жүрiп өткен жолдарын анықтаумен ешкiм шұғылданбайтыны өкiнiштi.
Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті.
Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады:
Бұл дүниенің жүзінде,
Айдан көркем нәрсе жоқ.
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ,
Бірде бар да, бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ,
Еріккен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды,
Тура әділдік биде жоқ,
Бәрін айт та, бірін айт.
Қаумалаған қарындас.
Қазақта бар да, менде жоқ.
Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады.
Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.
Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан місекерлікпен Махамбет өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да Махамбет өлеңдерінен өшпестік орын алды. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.
Махамбет өлеңдерін сөз еткенде, екінші бір көңіл аударатын мәселе, оның өлең жолдарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігі дедік. Қандай ақынға болсын бұл ең керекті шарттың бірі. Не көркем сөз, не әдеби, тіпті үздік образдарды қолданса да, өлең сөйлемдердің ішкі мазмұны өзара жымдасып, шебер түрде қиюласып жатпаса, образдар айтайын деген ойдың бір керегіне аспаса, ол образдардың оқушыға ешбір әсері болмайды. Көркемдіктің негізгі тірегі - мазмұн. Мазмұн сөйлемдегі сөздердің өзара логикалық тығыз байланысынан туады.
Қортыта айтатын болсақ, Махамбет Мұхтар Әузов айтқандай «бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын... жырлаған... ақын» ғана емес, сонымен қатар ол адамзат тарихында мәңгі өшпес із қалдырған Л.Толстой, М.Ганди, Абай, А.Сахаров сынды тұлғалардың планетаралық деңгейге көтерілген, дәріптелген саяси идеялармен сабақтас. Оның «адамзат басы құралса» идеясы бүгінгі күні, бүкіл дүниежүзі халықтарының ой-арманы, саяси мақсаттары екені даусыз. Соғысты болдырмау, лаңкестікке жол бермеу, шиеленістер мен қақтығыстарды «мәшурат кеңес» арқылы бейбіт жолмен шешу Қазақстан Республикасының, оның Президенті Н.Назарбаевтың ізгі мақсаттары, стратегиялық болжамы. Сондықтан да Махамбет мәңгілік руханияттың символы.