Қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I тарау. Қылмыстық- іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты 5
1.1 Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық құрылымы 5
1.2 Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі мәні 12
1.2 Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері 32
II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі 40
2.1 Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары 40
2.2 Мәжбүрлеу шараларының түрлері 48
2.3 Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыру да тұлғаға берілетін кепілдіктер 64
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ 69
КІРІСПЕ
Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн.
I тарау. Қылмыстық- іс жүргізудегі мәжбүрлеудің заңдық табиғаты
1.1 Тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық құрылымы
Қоғам әлі қылмыстан арылған жоқ. Сондықтан ол қылмыспен күресетін қымбат мемлекеттік аппаратты ұстауға мәжбүр . Құқық қорғау органдарының қызметіне, куәгерлер, жапа шегушілер, аудармашылар, мамандар, сарапшылар және т.б. ретінде әртүрлі іс-жүргізу рөлдеріне көптеген азаматтар тартылады. Негізінде азаматтарды өндірістік жұмыстан, жеке істерінен, демалысынан қол үздірмеген абзал, бірақ мемлекет осылай істеуге мәжбүр, азаматтардың атсалусынсыз қылмыспен күресу мүмкін емес. Мемлекет азаматтардың қажетті іс-жүргізу міндеттемелерді орындауды талап ете отыра, олармен қылмыспен күресу ауыртпалығын бөліседі. Бұндағы қоғамның қылмыстан бос еместігі, азаматтардың қылмыстық сот жүргізуге қатысудың әлеуметтік қажеттілігінен бос еместігін және соған байланысты болатын ыңғайсыздық пен шығындарды көтеретіндігін көрсетеді.
1.2 Қылмыстық мәжбүрлеудің түсінігі мәні
Қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына мәжбүрлеу арқылы қол жеткізу мәселелері ең алдымен мемлекеттік мүддені жүзеге асыруды кепіл ететін көзқарастар тұрғысынан анықталады деген бірқатар көзқарастар бар. Бұл көзқарас құқық шеберінде, өйткені процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қызметтік ролі жазасының болмай қойылмайтындығын тығыз байланысты. Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттіе аппарат күшімен қамтамасыз етілген мәжбүрлеуге анықтама бере отырып көпшілік авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады . Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке, материалдық және моральдық шектерді қою арқылы фигуралық немесе психикалық ықпал ету болып табылады.
1.2 Процессуалдық мәжбүрлеудің мақсаттары, негіздері
Бұлтартпау шараларын қолданудың мақсаты, негізі және шарттары. Бұлтартпау шаралары-бұл қылмыстық соттың ісжүргізудің мақсатына жетуге бөгет жасайтын күдіктілер мен айыпталушылардың мінезіне мәжбүрлі әсер ету тәсілдері /істің шынайы жағдайын айқындау, заңды дұрыс қолдану, кінәлілерді жазалау мен кінәсіздерді соттауға жол бермеу/.
Бұлтартпау шараларын қолдану азаматтардың жеке бостандықтарын шапшаң шектеумен байланысты, атап айтсақ тұлға дербестігіне құқы, бөгетсіз жүріп тұру және тұру орнын таңдау құқықтары.
Бұлтартпау шаралары заңмен белгіленген негіздерге арқа сүйер және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау арқылы қатаң тәртіпте қолданылуы керек.
Бұлтартпау шараларының өзіндік шағын, ерекше мақсаттары бар:
II тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеудің жүйесі
2.1 Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларына қолданылатын ғылыми жіктеудің маңызы оның бір уақытта барлық зертелетін нәрселерді қамту мүмкіндігінде.
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тұрған жерін ғана емес, сонымен қоса олардың бір-бірімен байланысын қалыптастырады. Олардың ішкі заңдылықтарын ашады.
Процессуалдық әдебиеттерде процессуалдық мәжбүрлеу шаралары әр автордың әр түрлі қөзқарастарымен топтастырылады. Мысалы, П.М.Давыдов: «Сот және тергеу органдарына алып келуге бағытталған шақыртумен алып келу түріндегі шаралар; тінті, алу, куәландыру; айыпталушының қызметі бойынша жаңа қылмыстарды жасаудың алдын алатын шаралар; қызметіне шеттету; соттық талқылау тәртібін қамтамасыз ететін шаралар – тәртіп бұзушыларды сот мәжілісі залынан шығару, айып салу; азаматтық талапты қамтамасыз ету бөлігіндегі сот үкімін орындауды қамтамасыз ететін шаралар; мүлікке тыйым салу; айыпталушының алдын- ала тергеуде және сотта болуын қамтамасыз ететін шаралар; кесі шаралар жатады».
2.2 Мәжбүрлеу шараларының түрлері
Жүктелген міндетті орындамаған субъекті үшін салдардың мінездемесіне байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары екі негізгі топқа бөлінеді. Біріншісін заң ұстанушы азаматтардың құқықтық дәрежесіне кіретін, субъективті құқықтарды шектейтін процессуалдық тәсілдер құрастырады. Бұл процессуалдық ықпал етудің превентивті мәжбүрлеу шаралары деп аталатындар кіреді, И.Л.Петрухин оларды құқықтық тәртіпті қорғау мен заңдылықты орнына келтіру шаралары деп анықтайды . Екінші топқа кіретін мәжбүрлеу шаралары олардың процессуалдық дәлелдеу мен байланыстылығына немесе қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дұрыс дамуы үшін ұйымдастырушы шарттарды туғызуға бағытталғандығына тәуелді ажыратылады.
2.3 Қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыру да тұлғаға берілетін кепілдіктер
Қылмыстық іс жүргізу үрдісі теориясында тұлғаның бостандығымен құқықтарына кепілдік беру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты көптеген еңбектер жарық көруде. Олар: кепілдік түсінігі, оның мәні мен мазмұны, оларды жіктеуге қатысты. Процессуалист-ғалымдардың мұндай назары кездейсоқ емес. Шын мәнінде құқықтарды жариялау үшін кепілдік жүйесі қажет. Заң әдебиеттерінде кепілдіктің келесі белілерін бөліп, көрсетеді: экономикалық, саяси, идеялогиялық, ұйымдық, құқықтық.
Тұлғаның құқығына кепілдік туралы сауалдарды зерттеу қылмыстық іс жүргізудің негізгі қатысушысы – айыпталушымен байланысты.
Тұлғаның бостандығы мен құқығы алдын-ала тергеу сатысында шектеледі. Мәжбүр көрсетілетін азаматтардың қатарына: айыпталушы, куәгер, жәбірленуші, маман, үшінші тұлға жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұлтартпау шаралары айыптаушының уақытша бас бостандығынан шектеу немесе айыруды, ал ерекше жағдайларда сезіктінің бас бостандығын шектеу немесе айыруды қарастыратын қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Бұлтартпау шараларын қолдануды процессуалдық негіздері туралы мәселе үлкен тәжірибелік мәнге ие, себебі басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларымен салыстырғанда бұлтартпау шаралары адамның құқығы мен бостандығына тікелей байланысты. Бұлтартпау шараларын негізсіз қолдану азаматтардың бостандықтарын тікелей немесе жанама заңсыз шектеумен байланысты заңдылықты дөрекі бұзу болып табылады.
Бұлтартпау шараларын заңда көрсетілмеген мақсаттарда қолдануға жол берілмейді.