Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 56 стр.

Полный просмотр работы

Шаруашылық субъектiсiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатудағы қаржылық менеджменттiң және қаржының рөлi


Жоспар
Кіріспе 3
1-бөлім. Шаруашылық субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы қаржылық менеджменттің және қаржының рөлі 5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориясы 5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтерудегі қаржылық менеджмент стратегиясы 9
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау және талдау 17
1.4 Нарықтағы тауар мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін талдау 21
2-бөлім. Кәсіпорынның нарықтық қатынастар шартындағы дамуындағы бәсекеге қабілеттіліктің ролі 25
2.1 «ДСУ-77» ЖШС-інің ұйымдық құрылымы мен қызмет аясы 25
2.2 «ДСУ-77» ЖШС-тің қаржылық тұрақтылығын талдау 27
3-бөлім. Кәсіпорынның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің мәселелері және оларды шешу жолдары 39
3.1 Қазақстан Республикасының БСҰ-ға енудегі бәсекелестік саясатының мәні 39
Қорытынды 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 48
Қосымша 49

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Шаруашылық субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы қаржылық менеджменттің және қаржының рөлі».
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез-келген кәсіпорын үшін нарықта бәсекеге қабілетті болу керек. Себебі, егерде кәсіпорынның өнімі, қызметі немесе атқаратын жұмысы сапалы емес, бәсекеге қабілетсіз болса, кәсіпорын нарық шарттарында жұмыс жасай алмас еді. Ал енді бәсекелік қабілетті көтеру үшін әртүрлі маркетингтік және менеджменттік пікірлер керек. Сонымен қоса, кәсіпорынның сапалы өнім өндіруі үшін, бәсекеге қабілетті болуы үшін үлкен қаржы, қолда бар қаржыны тиімді жұмсайтындай қаржыны басқару саласы керек. Осы тұрғысынан алғанда курстық жұмысты өте маңызды деуге болады. Қазақстанның 50 бәсекелес елдер қатарына қосылуының өзі, қазақстандық өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілетті болуын, яғни өте сапалы болуын білдіреді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып кәсіпорынның бәселестік саясатындағы қаржының және қаржы менеджментінің рөлін ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер орындалды:
- жалпы бәсекелестік ұғымына теориялық тұрғыдан сипаттама берілді;
- бәсекелестіктің жіктелімі мен түрлеріне түсініктеме берілді;
- кәсіпорындағы бәсекелестікті арттырудағы қаржы менеджменттік стратегияның мақсаты мен міндеті көрсетілді;
- кәсіпорындағы тауар мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелері қарастырылды;
- кәсіпорындағы негізгі бәсекеге қабілеттілікті талдау және бағалау шаралары қарастырылып өтілді;
- кәсіпорынның бәсекелестік саясатын көтеруде мысалмен түсіндіру үшін «ДСУ-77» ЖШС алынды;
- «ДСУ-77» ЖШС-нің балансын ала отырып, қаржылық талдау жүргізілді;
- «ДСУ-77» ЖШС-індегі бәсекелестік саясаттың қаржы ресурстарымен байланысын ашып көрсету;
- Қазақстанның БСҰ-на енудегі проблемалары мен оның шешілу жолдарын апат өту.
Курстық жұмыста отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары мен бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданылды.

1-бөлім. Шаруашылық субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы қаржылық менеджменттің және қаржының рөлі
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориясы
Нарықтық экономиканың ең басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтерудегі қаржылық менеджмент стратегиясы
Өнімнің бәсекеқабілеттілігін анықтаушы фактор – маркетингтік қызметтің икемділігі болып табылады. Адамдардың өмірі мен денсаулығымен байланысты азық – түлік өнімдерін тұтынуда көрінетін, азық – түлік өнімдері ерекшеліктері мен өндіріс өзгешелігімен ескерілетін халық шаруашылығының басқа салаларының ұқсаса жүйелеріне қатысты мәнді айырмашылығына сусып шығаратын кәсіпорындық маркетингі ие, сондықтан оларды өндіру, сақтау, тасымалдау шығаруға қажетті жағдайды қамтамасыз ету талап етіледі.[6; 258 – 265]

1.4 Нарықтағы тауар мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Тауар саясаты – бұл өндірістің дамуы жөніндегі перспективалық жоспардың бір бөлігі, онда алдағы уақытта өндірілетін тауарлар тізімі енгізілуі керек.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау үшін өндіріс тауарлары мынадай классификацияға бөлінеді.

2-бөлім. Кәсіпорынның нарықтық қатынастар шартындағы дамуындағы бәсекеге қабілеттіліктің ролі
2.1 «ДСУ-77» ЖШС-інің ұйымдық құрылымы мен қызмет аясы
«ДСУ-77» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы көшесі – 15.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің толық атауы: «ДСУ – 77» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бұл серіктестіктің негізгі қызмет түрлеріне мыналар жатады.

2.2 «ДСУ-77» ЖШС-тің қаржылық тұрақтылығын талдау
Жалпы алғанда баланс элементтері - өзара тығыз байланысты жүйе. Бөлімдер, топтар және баптар деңгейінде логикалық және сандық қатынастар болады. Ең алдымен кәсіпорын бөлімдері арасындағы өзара байланыс өзгешелігін көрсетейік.

Баланс өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге, яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты қысқаларға қарай, яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әртүрлі топтары көрсетліген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіру шарты орындалған кезде ғана.
Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтығы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әртүрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әртүрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

3-бөлім. Кәсіпорынның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының БСҰ-ға енудегі бәсекелестік саясатының мәні
Жаһандану шартындағы мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату тәсілі ретіндегі кластерлер.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қажетті деп атап көрсетті:

Қорытынды
Осы курстық жұмысты қорытындылай келе, келген ой-қорытындымыз:
Нарықтық экономиканың негізгі бәсекелестік – өндірушілер мен жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы кәсіпкерлік істе жақсы табыстарға жету мақсатында ең қолайлы жағдайда өндіріс және өткізу үшін күрес. Нарықтық жүйеде бәсекелестіктің басты мақсаты – тұтынушылар үшін күрес. Бәсекелестік экономикалық өрлеудің, өнімссапасын арттырудың, ғылыми-техникалық прогрестің үдетудің және осының негізінде өндіріс шығындарын және бағаны төмендету үшін қуатты ынталандырушы күш.
Бәсекелестік жетілген және жетілмеген болып бөлінеді. Жетілген бәсекелестікке шексіз қатысушылар саны, материалдық, еңбек, қаржы және қатысушылар саны абсолютті қозғалғыштығы, баға және сұраныс жөнінде әрбір қатынасушының толық хабарлығын т.б. сипаттайды. Жетілмеген бәсекелестік деген категория таза монополия, монополиялық бәсекелестік және олигополия кіреді.
Кәсіпорындағы бәсекелестікті көтеру мақсатында келесдей бағыттарды атап ашуға болады:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Кәсіпорын экономикасы А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов Алматы экономикасы 2003 ж
2. Кәсіпкерлік негіздері М.Б. Бейсенғазиев, А.Ш. Хамитов Орал 2001ж
3. Финансовый Менеджмент Стояновой Москва 2001ж
4. Финансовый Менеджмент М.Н. Крейнина Москва 2002ж
5. Менеджмент Бердалиев Алматы 2005 ж
6. Халықаралық конференция «Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі» 2007 № 3
7. Халықаралық конференция «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар конференциясы» 2005 № 4
8.Халықаралық конференция « Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» 2005 № 7
9. Қаржы Қ.Қ.Ильясов 2005ж
10. Халықаралық конференция № 2 2002ж
11.Халыкаралык конференция № 6 2005 ж
12.Халыкаралык конференция № 1 2001ж
13.// Қаржы қаражат 2003 – 2005
14.Қаржылық талдау 2005ж
15.//Қаржы қаражат 2002 – 2004ж