Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Қаһарман Қалибек

Ертең республика көлемінде аталып өткелі отырған Қалибек хакім Райымбекұлының 100 жылдық мерейтойы осы сөзіміздің жарқын дәлелі.
Мейлі қандай ұлы тұлға, ірі ойшыл, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен болмасын, ол – қалай дегенде де белгілі бір дәуірдің перзенті, белгілі бір әлеу­меттік ортаның өкілі. Сондықтан кейіпкеріміз туралы әңгімеге көшпес бұрын, ол өмір сүрген елдің арғы-бергісіне, ол басынан өткерген дауылды кезеңдердің сыр-сипатына қысқаша болса да шолу жасап алуға тура келеді. Әсіресе, біз сөз еткелі отырған Қалибек сынды саналы ғұмырын өзге елде өткізген, ұлтының азаттығы мен бостандығы үшін қол бастап ата жауымен майдандасқан алаштың ардагер перзентінің өмір жолы мен ерлігі туралы бүгінгі ұрпаққа сыр шерту үшін әңгімені әріден қозғау парыз. Онсыз Қалибек хакімнің азаматтық болмысын ашу, ерлігі мен парасатын безбендеу мүмкін емес.

Біздің кейіпкеріміз тарих сахнасына осындай тарихи жағдайда келген. Олай болса, ендігі сөз Қалибек хакімнің қысқаша өмір жолы туралы.
Қалибек Райымбекұлы 1908 жылы Тарбағатай тауының бір сілемі болып есептелетін Жайыр тауының бөктеріндегі Алтын-Еміл деген жерде қарапайым малшы отбасында өмірге келген. Шыққан ата-тегі қазақтың Орта жүзіндегі Абақ керейден тарайтын Жәнтекей. Оның ішінде Барқы.
1933 жылы ата-анасымен бірге жергілікті қытай билеушілерінің қысымынан бой тасалап, Тарбағатайдан Еренқабырға-Сауан өңіріне қоныс аударған. Мұнда келгеннен кейін жігерлі, ұлтжанды, жас Қалибек ұлт азаттығы жолындағы күресін бастайды. Бастапқыда осы өңірдегі көрнекті алашшыл азаматтар, белгілі ел ағалары Жүніс қажы мен Ожаубай болыстарға көмекші қызметін атқара жүріп, олармен бірге “Ұлтты қорғау ұйымын” құрады. Аталған ұйымның нығаюы мен өңірдегі ықпалының тез күшеюіне жас Қалибек үлкен үлес қосады. Оның “ұлтшыл ұйым” құрып, осы бағытта белсенді қимылдап жүргенін байқап қалған жергілікті қытай үкіметі оған үлкен мөлшерде айыппұл төлетеді. Онымен де тынбай қытайлар 1940 жылы Қалибекті Шығыс Түркістандағы қазақ, ұйғырдың молда-қожа, ел ағаларымен бірге Үрімжіге жиналысқа шақырып апарып тұтқындайды. Онда бір жарым жыл бойы түрмедегі “саяси үйренуден” өтіп, қорлық пен қинаудың сан түрін көріп ауылына аман-есен оралады. Түрмеден “ойы тазарып, идеясы дұрысталып шықты” деп есептеген қытай үкіметі Қалибекке үкірдайлық (ауылдық жердегі екі мың түтіннің бастығы) мансап береді.