Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 39 стр.

Полный просмотр работы

Қаржының Қазақстан Республикасындағы ролі

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі 5
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі 5
1.2 Қаржы —ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі 7
2. Қазақстанның қаржы секторы 28
2.1 Қазақстанның қаржы жүйесінің даму бағыттары 28
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасындағы қаржы менеджментінің қажеттілігі 34
Қорытынды 36
Әдебиеттер 39

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да мемлекет тарапынынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекер етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстанда ел экономикасының нақты секторының қарқыны жыл өткен сайын бәсеңдей түссе де, қаржы саласы керісінше 6 жыл бойына дамуын үдетіп келеді. Бүгінде бұл саланың майын ішкен мамандарды алаңдатып отырған жайт өсу қарқыны артқан сайын болмай қоймайтын проблемалар алдыдан шығады. Мұны дер кезінде шешпесе, онда нарықтың дамуын тежейді.

1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1.1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипатымен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттік және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысы мен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

1.2 Қаржы —ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі
Қаржы- әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістік түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша катынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы ќоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай қаражаты болып табылады. Қаражаттың басты белгілерінің бірі - оның қалауынсыз ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен жақсартып отырады.

1.3 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы

Қазақстанның қаржы жүйесін реформалауда жеткен жетістіктер:
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттіктің құрылуы қаржы секторының қызметін жақсартуға бағытталған қадамдардың бірі. Қазақстан Республикасында агенттік 2004 жылдан бергі кезеңде қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын меммлекеттік реттеу мен қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша біраз жұмыстар атқарды. Атап айтсақ банк секторында банк топтарын қадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді. Банктердің шетелдік операцияларының өсуімен байланысты елдік тәуекелдерді азайту мақсатында Қазақстан Республикасының рейтингінен төмен рейтингі бар елдерде жүргізілетін активті операциялар бойынша банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар өсті.

2. Қазақстанның қаржы секторы
2.1 Қазақстанның қаржы жүйесінің даму бағыттары
Республиканың қаржы секторы экономиканың неғұрлым серпінді дамып жатқан салаларының бірі болып табылады. Елде нарықтық қайта құрулардың дамуымен және тереңдеуімен экономика салаларымен субъектілерінің ұсынысымен сұранысына сәйкес капитал ағынының тиімді қайта бөлінуін қамтамасыз ететін негізгі нарықтық тетік ретінде қаржы рыногының маңыздылығымен қызмет аясы кеңейе түсуде.
Қаржылық қызмет көрсетулердің сапасын көтеру қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Агенттік Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ ілгеріде айтып өткен бағалы қағаздар рыногын, жинақтаушы зейнетақы жүйесін, сақтандыру рыногын дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъек-тілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім- қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді.

2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасындағы қаржы менеджментінің қажеттілігі
Нарықтық экономика кезінде кез келген мемлекеттің жұмысын басқару жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімнің бірі –қаржыны басқару. Нарықтық экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың принциптері және әдістер XIX-XXғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасып, «Қаржылық менеджмент» деген атқа ие болды. Жүз жылдан астам мерзімде қаржылық менеджмент ілімі эвалюциялық дамудың жеткілікті ұзақ жолынан өтіп, көптеген өзгерістерге ұшырады.
Қаржының атқарымы және оның қаржы менеджері жұмысында білінуі туралы қаржы әдебиеттерінде екі негізгі (көзқарас) бағыт қалыптасқан:

Қорытынды
Сонымен, курстық жұмысты қорыта келгенде, Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымының табалдырығында тұр. Соған орай Қазақстанның халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеу жолға қойылған.
Еліміздің қаржы секторындағы шыққан биігінің мақтануға тұрарлық екенін айтуға тиіспіз. Президентше айтқанда, «Қазақстанның қаржы секторындағы реформалардың табыстылығын өзіміз ғана емес, беделді халықаралық сарапшылар да мойындап отыр».
Биыл Астанада өткен Қазақстан қаржыгерлерінің VI конгресінде -Ұлттық банкке ішкі нарықтағы бағаны реттеуге қатысты барлық өкілеттілік берілген. Осыны кәдеге жарату керек емес пе?! Өкімет те бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға тиіс», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.