Коваленттік байланас
Атом құрылысы заттардың құрылыс теориясымен, дәлірек айтқанда химиялық байланыс теориясымен тығыз байланысты. Теорияны оқыту, әдеттегідей коваленттік байланыстан басталады.
Коваленттік байланыстың пайда болуы қарапайым молекула - сутек молекуласының түзілуі мысалында жақсы түсіндіріледі:
Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп, ядроларының арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар молекулалық бұлт түзіледі. Ортақ ядролардың тығыз теріс зонаға тартылуы оларды жақындастырады, байланыс ұзындығы 0,074 нм және тұрақты сутек молекуласын түзіліп, энергия ұтымына әкеледі.
Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмдері бар. Донор- бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор- бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.
Коваленттік байланыс - ядролар арасында молекулалық бұлттың пайда болуына әкелетін екі атомның электрондық бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі. Едәуір күшті тартылу жалпы энергияның ұтымына және молекуланың тұрақтылығына әкеледі.