Құқық этикасының пәні
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып білуге деген ұмтылыс күннен күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек - адам.
Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық және т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну - қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы - құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғи-тарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақыл парасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизация лаудан алшақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарама қайшылықсыз бақытты көтере алмайды және т.б.
Құқықтың пәніне жүгінуде, құқық туралы әдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру және тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық әдет ғұрыпты (әдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтік құқықты, тірі құқықты және т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.
Құқықтық және адамгершілік нормалардың шиеленісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеленістен шығудың бірден бір жолы - құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзін өзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.