Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ тіліндегі сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің өзіндік ерекшелігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сөз таптастырудың маңызы 8
1.1 Ұлттық мамандар тарапынан есім сөздерді таптастыру мәселесі 8
1.2 Зат есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат 16
1.3 Сын есімнің зерттелуі 21
1.4 Сан есімнің зерттелу барысындағы жасалған тұжырымдардың құндылығы 26
1.5 Есімдіктің зерттелу табиғаты 29
2 Сөйлем мүшелеріне тән белгілер 36
2.1 Бастауыш және бастауыштық тұлға 36
2.2 Баяндауыш және оған тән белгілер 41
2.3 Толықтауышқа тән белгілер 43
2.4 Жанама толықтауыштың басты белгілері 46
2.5 Анықтауышқа тән белгілер 51
2.6 Пысықтауышқа тән белгілер 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Сөз – болмыстағы заттар мен құбылыстардың атауы. Әрбір сөз жеке затты не құбылысты, қимыл әрекетті, оның бейнесі мен түр-түсін, мезгіл-мөлшерін т.б. атау қажеттілігінен пайда болады да, бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, лебізде қолданысқа ие болады.
Сөз құрамы (морфология) жүйесінде сөз табы ең күрделі құрылым болып саналады.
Сөздерді таптастыру үшін, олардың жалпы грамматикалық-семантикалық мағынасына көңіл бөлінеді. Зат атауларын зат есім, сын атауын сын есім, сан атауын сан есім, қимыл атауын етістік, т.б. деп бөліп, оларды ұлттық дүниетанымға сәйкес белгілеп, ғылыми терімсөзбен атап, анықтамасын берген ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы болды.

1 Сөз таптастырудың маңызы
1.1 Ұлттық мамандар тарапынан есім сөздерді таптастыру мәселесі
XIX ғасырдың 1860 жылы жарық көріген И.И. Ильминскийдің "Материалы к изучению киргизского наречия" атты еңбегінен басталып, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді, тағы басқа біркатар орыс түркологтарының миссионерлік мақсатта жазылған еңбектерінде жалғасын тапқан қазақ тілі сөздерін түрлі тапқа болу ісі ғұлама ғалым, біртуар тұлға А. Байтұрсынов есіміне тығыз байланысты болды. А Байтұрсыновтың XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық өміріндегі орны ерекше еді, қоғамдық қайраткер ретінде ұлттың рухани көсемі бола білген ол халқына қатысты барлық шаруаға білек сыбана кірісті.

1.2 Зат есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған «Тіл құрал» атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына қатысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан «Тіл құралда» ол (бірінші жылдық) сөздерді мағынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, әрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаған.

1.3 Сын есімнің зерттелуі
Сын есім - өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құрал» оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге: «Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай?» - деген қысқаша анықтама берілген [5, 162].

1.4 Сан есімнің зерттелу барысындағы жасалған тұжырымдардың құндылығы
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің өзіндік зерттелу тарихы бар.
Түркі тілдеріндегі грамматикаладан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер қысқаша болса да сөз болады. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің, А. Казбековтің, М. Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, В.В. Катаринскийдің, С.В. Ястрминскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.

1.5 Есімдіктің зерттелу табиғаты
Сөз табының ішіндегі ең даулысы, ең жаңасы (үстеуден басқа) - осы есімдік. Түркі тілдері есімдігі туралы талай мақала, жеке зерттеулер де жазылды. Көптеген проблемалары бір ізге түсіп, шешімін де тапты. Соның өзінде есімдіктер төңірегінде әлі де зерттеу күтіп жатқан күрделі проблемалар бар. Соның бірі - есімдіктің тарихы, этимологиясы. Тілдің тарихын білу қандай жақсы болса, оның көне тарихы қиын. Оның жекелеген категорияларының тарихы онан да киындау. Демек, есімдік тарихы деген көне заманның кеңіне көміліп қалғанға ұқсайды, өйткені күні бүгінге дейін мен мен мені, мен мен маған-ды, айыра алмай келеміз.

2 Сөйлем мүшелеріне тән белгілер

2.1 Бастауыш және бастауыштық тұлға
Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі берілген. Х.Басымов: «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады», десе, С. Аманжолов: «Сөйлемдегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз» - дейді.
М. Балақаев «Сөйлемнің кім не туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» - дей келсе. Р. Әміров «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сананың кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз», - деген ережені айтады.

2.2 Баяндауыш және оған тән белгілер
Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі баяндауыш дейміз.Баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыш бойынан табылады.
Баяндауыштың грамматикалық белгілері мыналар:

2.3 Толықтауышқа тән белгілер
Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше – толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады.
Қысқасы, толықтауыш – қимыл процесінің объектісі болатын мүше. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді:

2.4 Жанама толықтауыштың басты белгілері
Табыс септігіндегі тура толықтауыштардан басқа, барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыштар деп аталады [28, 18]. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде жанама толықтауыштарды меңгеретіндер тек салт етістіктері емес, сабақты етістіктер болуы да мүмкін. Жанама толықтауыш сабақты етістікке қатысты болғанда, тура толықтьауышпен қосарланып, бір топта қолданылады.Мысалы, Түнде сойған тауықтың өкпе-бауырын Ботагөз балтамен ұсатып, ақ ірімшік араластырып, тәтті түшпәрә пісірген еді. Бала бір кезде көзін жеңімен сүртті (Мұқанов). Табыс жалғаулы тура толықтауышпен бір топта айтылған жанама толықтауыш көмектес септікте тұр. Бұл арада мынадай бір ерекшелік бар: жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың мәнін жіктеуші екінші дәрежелі мүше ғана болады. Етістік-баяндауышқа тікелей қатысты, онымен тығыз байланысты қалайда айтылуға тиісті мүше – тура толықтауыш. Егер тура толықтауыш айтылмай қалса, оның орны жоқталып отырады, ал, жанама толықтауыш айтылмаса байқалмайды. Өйткені, жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың ықпалынан, соның мәнінен тумайды.

2.5 Анықтауышқа тән белгілер
Анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да, соған қатысты болады [29, 73]. Мысалы; сәлделі кісі ернін анда-санда бір қимылдатып ұзақ отырып, жұрттың қары талған кезде алақандарын маймитып әкеп бетін сипады. Анықтауыштың мән-мағынасы да сол анықталған сөзбен бір тектес қарастырғанда ғана анық байқалады. Соның салдарынан, анықтауыш пен анықталған сөз де бір әуенмен, бір ғана ритмикалық топта ғана айтылады.

2.6 Пысықтауышқа тән белгілер
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі – пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, басқа сөздің, әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің – зат есімдердің, субстантивтенген басқа есімдердің – әр алуан сапасын, меншіктілік-тәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш, негізінде заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін (признак признака) білдіреді [30, 86].
Пысықтауыштар өздері қатысты мүшені (көбіне етістік баяндауыштың) мекен, мезгіл жағынан және де істің істелу амалы, себебі мен мақсаты жағынан пысықтайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру ілімінің даму, қалыптасу барысында екі түрлі бағыттың болғаны байқалады. Оның біріншісі, сөздерді түрлі тапқа бөлуде олардың (сөздердің) мағыналық жағын басшылыққа алатын семантикалық бағыт болды. Бұл бағыт өкілдері қазақ тілі сөздерін таптастырған Н.И. Ильминский, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді, тағы басқа орыс түркологтары мен Ахмет Байтұрсынов секілді ұлт маманы еді. Қ. Жұбановтан кейінгі С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев секілді ғалымдар да осы бағытты қолдап, жалғастырып әкетті. Кейінгі кезеңде сөз таптастыру мәселесімен айналасқан А. Ысқақов, С. Исаевтар да семантика-құрылымдық бағыттың өкілдері болды.