Қазақстан Республикасының әділет органдарының қызметі
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстан Республикасында Әділет органдарының жүйесіңің және қызметінің ұйымдастыру мәселелерінің әкімшілік - құқықтық аспектілері 11
1.1 Әділет органдарының қызметінің құқықтық негізі, міндеттері және шартты қағидалары 11
1.2 Мемлекеттік басқару аппаратындағы Әділет органдарының функциялары 32
1.3 Мемлекеттік құрылыстың қазіргі кезеңіндегі аумақтық әділет органдарының рөлі 38
2 Қазақстан Республикасының Әділет органдары біріңғай жүйе сипатында 44
2.1 Әділет органдарына қатысты әкімшілік реформалар 44
2.2 Әділет органдары және басқа мемлекеттік құрылымдар 45
2.3 Әділеттің квалификациялық коллегиясы 61
Қорытынды 66
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 69
Кіріспе
Диплом тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының әділет органдарының әкімшілік – құқықтық басқару нысандарын зерттеу проблемаларына арналған. Осыған байланысты құқықтық мемлекет контекстіндегі берілген нысандардың классификациясы мен мазмұнының сипаттамасы беріледі. Проблеманың қиындығы: соңғы жылдардағы комитеттер, министерліктер, агенттіктер бірнеше қайтара басқарма нысандарының шығармашылығын нақтылауында. Бірақ, бұл өзгерістер атқарушы органдардың іс - әрекеттерінің қорытындысына әсер ете қоймады. Қенес үкімет кезінде басқармалардың іс-әрекетінің нысандарын әдіскерлер шығармашылығының көрінісіне жатқызатын болатын.
1 Қазақстан Республикасында Әділет органдарының жүйесіңің және қызметінің ұйымдастыру мәселелерінің әкімшілік - құқықтық аспектілері
1.1 Әділет органдарының қызметінің құқықтық негізі, міндеттері және шартты қағидалары
Қазақстан Республикасының Әділет органдары, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын аза-маттардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.
Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
1.2 Мемлекеттік басқару аппаратындағы Әділет органдарының функциялары
Әділет органдары заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды жетілдіру саласында мынадай функцияларды жузеге асырады: заң жобасы жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жасау, заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшін, осы мақсаттарға бюджеттік және өзге де қара-жаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту, Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсыруымен және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру, құқықтық ақпараттандыру, заңдарды жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру функциялары жатады [7,б.33].
1.3 Мемлекеттік құрылыстың қазіргі кезеңіндегі аумақтық әділет органдарының рөлі
Қазақстан Республикасы Әділет органдарының жүйесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және аумақтық органдары болып табылады. Әділет министрлігінің аумақтық органдары - әділет басқармалары. Олар облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда құрылады. Аумақтық басқару жүйесі Әділет министрлігінің өзіне және Әділет министрлігіне қарасты органдарға жүктелетін функциялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған. Әділет басқармасының тиісті әкімшілік – аумақтық бірлігінде өздеріне қарасты ұйымдар бар. Әділет басқармасына бірқатар ұйымдар қарайды.
2 Қазақстан Республикасының Әділет органдары біріңғай жүйе сипатында
2.1 Әділет органдарына қатысты әкімшілік реформалар
Бүгінгі күні құқықтық қамсыздандыру реформалары басымдық мәнге ие болып отыр. Заңдар, нормативтік – құқықтық актілер экономикада катализатор ретінде қолданылады. Құқықтық база мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің артуының негізгі инетірегі. Сондықтан, Президентіміздің жаңа стратегиясының жүзеге асырылуымен байланысты Әділет министрлігінің үйлестірушілік маңызы арта түсті.
Әділет министрі Оналсын Жумабеков «Жергілікті өзін - өзі басқару туралы» заңының жобасы туралы айтып кеткен болатын. Г.Касымов, С. Абдрахманов, Г. Калиев, А. Ермигияев, А. Аман, А. Кекильбаев, т.б жергілікті өзін - өзі басқаруды реформалау ұсынысын басқаша қарастыру керек деген ой – пікірлер айттылып шешімдер қабылданды. Әділет министрі Жоғарғы соттың концепциясын қолдап отыр. Егер континентальды модель таңдалса, барлық мәжілісшілер кәсіптік судья ықпалында қалады деген үрей біздің советтік менталитетімізден шығып отыр [19,б.92].
2.2 Әділет органдары және басқа мемлекеттік құрылымдар
Әділет органдары өздеріне жүктелген міндеттерді шешу кезінде орта-лық және жергілікті мемлекеттік органдармен, оның ішінде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасап отырады. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әділет органдарына функционалдық міндеттерді орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғауына жәрдемдесуге міндетті. Әділет органдарының шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, оның ішінде әділет органдарымен ынтымақтастығы ха-лықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Әділет органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, мекемелері мен өзге де ұйымдарының және анықтау қызметінің заң актілеріне сәйкес өзге құқыктық мәртебесі бар қызметкерлерін қоспағанда, оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылады [24,б. 85]. Әділет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, ал осы Заңмен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелмеген бөлігінде еңбек туралы заң актілерімен реттеледі. Әділет органдары қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік жағынан қамсыздандыру: Әділет органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы телеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен бірыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады Әділет органдарының қызметкерлеріне ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс беріледі [25,б.71].
2.3 Әділеттің квалификациялық коллегиясы
Әділет министрлігіне соттық шешімдердің орындалуын ұйымдастыру, соттарды, соттық қызметкерлер мен процеске қатысушыларды қорғау өкілеттілігі беріледі. Одан басқа, әділет министрлігі материалдық – техникалық және әділет министрлігінің квалификациялы коллегиясының ұйымдастырушылық жұмысын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Әділеттің квалификациялық коллегиясы автономды, тәуелсіз мекеме болып табылады.. Коллегия маусымдық түрде жұмыс істеп, жылына екі рет жиналады. Әділеттің квалификациялық коллегиясы құрамына кіретіндер:
Қорытынды
Дипломдық жұмыстың қорытындыларын жалпылай отырып, әділет саласындағы әкімшілік – құқықтық басқару нысандарының әлеуметтік – құқықтық мәнін толығымен атап өтуге болады. Бұл тек әділет органдарының қызметін талдайтын монографиялық жұмыстардың жоқтығымен емес, сәйкес әсер етуші факторлармен де түсіндіріледі. Мемлекеттік реттеушілік шек пен сипат контекстіндегі құқықтық мемлекет әлеуметінің нығаюына, заң жобасының жұмысын жүргізуге жауапты әділет органдарының мәртебесін анықтау, жұртшылдық – құқықтық қатынастарды реттеу, заңдар мен құқықтық қамсыздандыру нысандарын жүйелеуінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өткізіліп отырған реформаға сай басқарма нысандарының қызметінің әкімшілік – құқықтық мазмұнының жаңартылуына әсер тигізеді. Жүргізілген зерттеудің қорытындысы бойынша келесі ережелер шығаруға болады: