Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Саяси үрдіс және саяси қайраткерлік


Жоспар
1 Саяси үрдістің типологиясы 3
2 Саяси қайраткерлік, оның субъекті мен объекті 4
3 Саяси іс және оның формалары 5
4 Саяси ұйғарымдарды қабылдау үрдісі 8
Негізгі әдебиеттер 9

1 Саяси үрдістің типологиясы
Саяси үрдіс. Бұл термин туралы сөз қозғамастан бұрын оған анықтама берген жөн. “Саяси үрдіс” – (латын тілінде tendo – “бағыттау” деген сөзінен шыққан).
Жеке тұлға немесе қоғам бойындағы саяси идеологиялық құбылыстар, көзқарастар, ойлар, идеялар мен түсініктердің дамуы барысындағы негізгі бағыт.
“Саяси үрдіс” бұрынғы саяси тәртіпте пайда болған саяси шындықтың жаңа түрі ретінде түрлі жолдармен дамыды. Бастапқыда саяси үрдіс корпоративтік саясаттану шеңберінде қарастырылған, кейін парадигмалардың ауысуы болып, саяси модернизация теориясы бөлініп шығып, оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар мен элементтер ерекшеленді.

2 Саяси қайраткерлік, оның субъекті мен объекті
Саяси қайраткерлік. “Саяси қайраткерлік” - саяси қарым-қатынастарды сақтау немесе өзгерту нәтижесінде олардың жаңа қасиеттері пайда болатын немесе ескілері жинақталатын іскерліктің түрі; - саяси мақсатты орындауға бағытталған адамдардың істері.
Саяси қайраткерлік құрылымында субъект, объект және істің өзі ерекшеленеді. Осыдан басқа оның мақсаты мен іске асыру құралдары айтылады.

3 Саяси іс және оның формалары
“Саяси іс” – саяси практиканың іскерлік бастауларын сипаттайтын, саяси контексті де адамдардың іс-әрекетін көрсететін түсінік. Яғни тұлғаның өз саяси қызығушылықтары негізінде саяси жүйенің қызметіне беретін жауабы, редакциясы. Мұнымен адам өз іс-әрекетін анықтайды, басқалармен өзара байланысқа түседі: саяси қозғалыстар, партиялармен танысады, мүшелерінің қатарына қосылады немесе керісінше олардан алшақтайды.
Азаматтардың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты саяси іс түрлі формада болады. Саяси іс өзіне саяси белсенділік пен саяси пассив тілікті біріктіреді.

4 Саяси ұйғарымдарды қабылдау үрдісі
Саяси ұйғарым” – белгілі бір мәселені шешу, саяси жағдайды өзгерту немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси істің мақсаттарын жеке немесе ұжымдық түрде анықтайтын процесс.
Саяси ұйғарым басқарудың мақсатын анықтайтындықтан, ол оның орталық элементі болып саналады. Кез келген саяси ұйғарым нақты саяси жағдай немесе мәселені шешуді қарастырады.