Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Мазмұны
I АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ 4
1.1. Ақшаның пайда болуы 4
1.2. Ақшаның түрлері 7
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы 13
II АҚША АЙНАЛЫСЫ 17
2.1 Ақша айналысының сипаттамасы 17
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 20
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы 21
2.4 Ақша массасы және ақша базасы 23
III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ 27
3.1 Ақша жүйесі жөнінде түсінік 27
3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта 29
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 32
Кіріспе
“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы құрстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты :
-ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Курстық жұмыстың міндеті:
- ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
- ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1. Ақшаның пайда болуы
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
1.2. Ақшаның түрлері
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
II АҚША АЙНАЛЫСЫ
2.1 Ақша айналысының сипаттамасы
Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Стб – сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс – міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.
Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілген қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
Ақшаның металлдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фашистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:
2.4 Ақша массасы және ақша базасы
Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары деп атайды.
III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ
3.1 Ақша жүйесі жөнінде түсінік
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері .
Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992 жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
Қорытынды
1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.
Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).
Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
3. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
4. Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б
5. Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.
6. Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
7. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
8. ҚР Президентінің ұлттық валютаның 10 жылдығына байланысты сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
9. Донских А. Теңгенің жаңа дизайны: сіз не туралы сұрап үлгермедіңіз? // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек 2006. 7 б.
10. Нысанбаев Ә. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы. // Егемен Қазақстан 13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А. Теңгенің тегеуріні. // Егемен Қазақстан 15 қараша 2005. 2-3 б.
11. Кәпқызы Е. Теңге мүшелге толды. // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
12. Кәпқызы Е. Теңге және ұлттық рух. // Түркістан. 25 қазан 2006. 3 б.
13. Сәйденов Ә. ҚР-ң ұлттық банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005. 6 б.
14. ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.
15. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004.
16. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
17. Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.
18. Қаржы және несие – оқу-әдістемелік құралы. Қазақ Мемлекеттік университеті. 2000ж.
19. Экономикалық теория. Әкімбеков
20. Банк ісі. Мамыров
21. Комерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б
22. Дробат Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.
23. Есипова Р.Р. Денежный оборот Республики.-Алматы,2000.-254с.
24. Каренова Е.Г. Международный оборот денег.-Тараз,2000.-401с.
25. Торова Ю.П. Экономические решения.-Москва,2003.-365с.
26. Миронов П.О. Деньги.Кредит.Банки.-Москва,1999.-473с.
27. Немигаило П.В. Эволюция денег.-Алматы:Cизиф,2003.-524с.
28. Летников М.Д. Денежный оборот.-Москва,1998.-453с.
29. Микосян А.И., Ефремова П.Ч. Денежный оборот.-Екатеринбург
-ЮНИТИ,2001.-492с.