Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Статистика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Полный просмотр работы

Индекстер туралы жалпы түсінік

Жоспар
Кіріспе 3
1 Жеке дара индекстерді есептеу 6
2 Жалпы индекстерді есептеу 8
3 Орташа индекстерді есептеу 12
4 Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер 15
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе
Әлеуметтік-экономикалық қүбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштердің қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік эдіс болып табылады
Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан, қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шыгарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуга болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған. өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көргсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады.

1 Жеке дара индекстерді есептеу
Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасын жеке (дара) индекстер деп айтады. Мысалы, ағымдағы және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын және т.с.с. салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.

2 Жалпы индекстерді есептеу
Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер деп айтады.

3 Орташа индекстерді есептеу
Агрегатты индексерді есептеу кезінде индекстелетін және оларды салмақтайтын нақты (абсолютті) шамалары, яғни сатылған тауарлардың немесе өндірілген өнімдердің саны (q), олардың, бағасы (р) мен өзіндік құны (z) және т.б. көрсеткіштерің белгілі болуы керек.

4 Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер
Экономикалық біртектес қүбылыстар мен процесгердің сапалық өзгерісін, сол көрсеткіштердің орташа дәрежесін салыстыру арқылы сипаттайды. Мысалы, бір аудандағы шаруашылықтардың дәнді дақылдар өнімдерінің орташа өзіндік құнының өзгеруі немесе бірнеше базарда әр түрлі бағамен сатылған тауардың орташа бағасының өзгеруі және т.б.

Қорытынды
Сонымен бұл индекстердің әрқайсысы белгілі бір экономикалық мәселені шешуде атқаратын рөлі өте жоғары және бұл түрлі басқару жұмыстарына талдау жасауда жиі қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Ы. Әміреұлы «Статистиканың жалпы теориясы», 1998 ж. Алматы