Қылмыс түсінігі мен түрлері. Қылмыс құрамы
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу – қылмыстық заңдардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдына ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыстікелей ниетпенжасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптарыдң болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайды қараса, қылмысжанама ниетпенжасалған деп танылады (20-бап).
Қылмыс пен бейморальдылықты құқыққа қайшылық белгісі арқылы нақты ажыратуға болады. Қылмыс дегеніміз қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекеттер. Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль нормалары ауызша (мысалы, әдет-ғұрып) немесе жазбаша (жолдастық немесе билер сотының ережелері, адамдардың этикалық кодексі, қала тұрғындарының моральдық кодексі, Гиппократ анты) болуы мүмкін. Отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі. Мысалы, ата-ананың балаларға, балалаының ата-аналарына деген қамқорлығының бұзылуы немесе оқушы мен оқытушының өз арасындағы педагогикалық өнегелік нормаларының бұзылуының орын алуы мораль нормаларымен анықталады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөлімдеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету керек.