Мемлекеттік бюджеттің мәні және маңызы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және маңызы 5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және мемлекеттің экономикасында алатын орны 5
1.2 Қазақстан Республикасының бюжет жүйесі және оның құрылу 7
1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы 9
2 Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау 11
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі 11
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен ролі 16
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің даму мәселелері және олардың шешу жолдары 19
3.1 Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер 19
3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары 21
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 27
Кіріспе
Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепетеңдігіне қло жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.
1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және маңызы
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және мемлекеттің экономикасында алатын орны
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Ол жеке үлестіруші сфера ретінде объективті түрде қоғамдық өндіріспен белгіленеді. Мемлекет шаруашылықтың басым салаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді.Сонымен құнды үлестірудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды; жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады.
1.2 Қазақстан Республикасының бюжет жүйесі және оның құрылу
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Бюджеттік жүйе дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік құрылымымен анықталады. Унитарлық құрылымда нкі буынды бюджеттік жүйе қолданылады: орталық бюджет және жеогілікті бюджет.
2 Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорларының құрылуы мен қолданылуы – бюджеттің табысы мен шығысының пайда болуымен сипатталады. Бюджеттің бұл екі категориясы да объективті болып табылады және қоғамдық сипатқа ие: табыстар мемлекетті қажетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді, ал шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттілікке сай орталықтанған ресурстарды үестіреді.
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен ролі
Мемлекеттік бюджет мемлекет құзырындағы ұлттық табыстың бір бөлігін оқшаулаумен және барлық қоғамның, оның жекелеген мемлекеттік-аумақтық қалыптасуының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында пайдаланумен байланысты қайта бөлу қатынастардың ерекше экономикалық түрі болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың, яғни ұлттық байлықтың халық шаруашылығы салалары, ел аумақтары, қоғамдық қызмет салалары арасына қайта бөлінуі жүреді. Сондай-ақ қаржының басқа буындарына қарағанда бюджеттің қайта бөлу құнының үйлесімі көбіне, жалпы кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерімен және қоғам алдында оның әрбір тарихи даму сатысында тұрған мәселелермен анықталды.
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің даму мәселелері және олардың шешу жолдары
3.1 Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер
Экономикалық, экономикалық және де басқа мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің бар халықтың басты мәселесі болып келді. Бүгін Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсіп жатқан түсімнің жеткіліксіз екенін айтуға болады.
Мемлекеттік қазынаны молайту мәселесін салықтар мен төлемдердің жаңа түрлерін енгізу немесе қазіргі барларының мөлшері мен тарифтерін көтеру арқылы шешу мүмкін. Алайда, бұл ретте бір сәттік қана табысқа жетуге фискльдық саясат мәселелерінде мұндай шешім қауіпті. Салықты ауырлату төлеушілерді «көлеңкелі» бизнеске кетуге мәжбүр етуі және халықтың да, турасын айтсақ, мемлекетке деген сенім жоғалады.
Қорытынды
Менің қарастырып отырған курстық жұмысымның тақырыбы – Мемлекеттік бюджет – мемлекет экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тақырыпты мемлекеттік бюджеттің еліміздің экономикасының дамуына қосатын үлесі өте зор, яғни мемлекеттік қаржының негізгі буыны ретінде мемлекеттік орталықтанған ақшалай қаражат корларының құрылу көздерімен пайдалану бағыттарын көрсетеді.
Курстық жұмыс 3 үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттік бюджеттің ұғымы, даму және нарықтық экономикадағы маңызын толық ашуға тырыстым. Бюджет экономикаға бюджеттік механизм арқылы әсер етеді. Бюджеттік механизм – мемлекеттің орталықтанған ақшалай қаржат қорларының құрылуы және пайдалануының нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтанған ақшалай қаражат құралдарының сандық көлемін белгілеу арқылы бюджеттің қүрылуы мен пайдалану процесіндегі қаржылық ресурсстарды құру, үлестіру, пайдалану нысандары мен әдістерін регламенттеу арқылы жүргізіледі.