Банктің табыстары мен шығыстары
Жоспар
1 Банктің табыстары мен шығыстары 3
1.1 Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері 3
1.2 Банктің шығыстары және олардың жіктелуі 7
Қолданылған әдебиеттер 9
1 Банктің табыстары мен шығыстары
1.1 Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.
1.2 Банктің шығыстары және олардың жіктелуі
Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына және есепке алу тәсілдеріне қарай жіктеуге болады.
Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:
• пайыздық шығыстар;
• пайызсыз шығыстар;
• басқа да шығыстар;
Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа да банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін сондай-ақ шығарған бағалы қағаздар бойынша төленген пайыздардан құралады.
Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппараттарын ұстау шығындары жатады.
Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және тағы басқа байланысты болатын зияндарды сипаттайды.
Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрге бөлуге болады: