Вирустар
Компьютерлік вирус - "көбейтілуге" және басқа програм-маларға "жұғуға" қабілетті,әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын көп қайтра көшіреді де,оны басқа программа-лардыңкодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз,"зақымдалған" дискета немесе "зақымдалған" файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа "зақымдалған" деп аталады.
Компьютерге вирус,негізнен дисеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп,қатқыл дискіні зақымдайды. Дискетті зақымдау тіптен оңай. Егер зақымдал-ған компьютердің дискжетегіне дискетті тіпті жай ғана салып және мысалы,оның мазмұнын оқыса да,оған вирус жұғуы мүмкін. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS, немесе ВАТ кеңейтулері бар атқа-рылатын файлдарға жиі жұғады.
Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі.Олар шарт-ты түрде келесі белгілері бойынша кластарға бөлінеді.
Бұл жіктеу, әрине барлық мүмкін вирустарды қамтымай-ды;әрбір категорияда олардың экзотикалығына (оғаштығы-на) байланысты аталмаған варианттар кездеседі, мысалы, СМОS-вирустар немесе Microsoft Word ортасында "мекен-дейтін" вирусқа ұқсас құрылымдар.Бұдан басқа вирустардың барлық қасиеттеріне ие болмаса да,айтар-лықтай қауіпті ("троян аттары"("троянские коние")және т.с.с.) бірқатар программалар кездеседі.
Компьютердің вируспен зақымданғаның дер кезінде анықтау үшін вирустардың пайда болуыңың келесі негізгі белгілерін білу қажет: