Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Ахмет Байтұрсынов - қазақ тіл білімінің негізін қалаушы
1.1 А.Байтұрсынов – қазақ жазуының авторы 7
1.2 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері 16
2 Ахмет Байтұрсынов және қазақ теориясы
2.1 «Байтұрсынұлы жазуы» атанған Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің жарық көргеніне жүз жыл 23
2.2 Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы 32
3 Ахмет Байтұрсынов ана тілін оқыту мәселесі жөнінде
3.1 А.Байтұрсынов әдістемелік еңбектері 45
3.2 А.Байтұрсыновың белгісіз бір еңбегі хақынды 55
3.3 Ахмет Байтұрсынұлы және фольклор теориясы 61
Қорытынды 66
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресей өкіметі жаңа реформалар жасап, қоныстану саясатын іске асырды. Қазақ елін билеу жүйесіне өзгеріс енгізілді, ұлттық сана мен салттың жолы кесіліп, отаршылдық орыстандыру саясаты белең алды. Осындай қыспаққа түскен кезеңде халықтың тілін, дінін сақтау үшін қазақ топырағында әр түрлі ағым, құбылыстар қалыптасты.
Сондай әлеуметтік астары бар құбылыстардың бірі – ағартушылық идеясы, оның халықтық сипат алуы болды. Сол идеяны жүзеге асырудағы іс-әрекеттердің, жүзеге асырушылардың рөлі мен орнын айтпауға болмайды. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ескі мен жаңаның қарбалас кезеңінде білімі мен күш-қайратын бала оқытуға жұмсаған ғалымдардың арасындағы ерекше тұлға Ахмет Байтұрсынов еді.

1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

1.1 А.БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ АВТОРЫ
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.

1.2 «ТІЛ ҚҰРАЛ» ЕҢБЕГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ахмет Байтұрсынұлына өзі көшбасшы болған қазақ тіл білімінде ғана емес, күллі түркологиялық әлемде атақ-абырой әперген «Тіл – құрал» атты кітабы болды.
«Тіл – құралы» оқулығы «Сөз басы», «Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз бен буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар және олардың таңбалануы», «Сөз жазуының жалпы ережелері», «Жұрнақтар» /19 түрі көрсетілді/, «Атауыш сөздер» /зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік/, «Шылау сөздер», «Үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз, қорыту, тасымал» бөлімдерінен тұрады. Әрбір ұғымға анықтама берген, мысалдар келтірілген, «Сынау» деген айдармен түрлі жаттығу тапсырмалар ұсынылады. Берілетін анықтамалар өте ұғыныңқы, мәселен, зат есімге арналған тұжырымға назар аударайық:

2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕОРИЯСЫ
2.1 «БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖАЗУЫ» АТАНҒАН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ӘЛІПБИІНІҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕНІНЕ ЖҮЗ ЖЫЛ
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтының әлеуметтік өмірі мен мәдениеті, ғылымы мен білімі жолында аянбай адал еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, қайталанбас зор тұлға. Өз заманында-ақ «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған біртуар тұлға кеңестік Қызыл империяның «солақай саясатының» кесірінен адам қолынан құрбан болғандығы бүгінгі ұрпаққа белгілі. Ахаңның есімі мен еңбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, «тұмшалап» келгенімен, айтулы тұлға еңбегі халқы үшін мәңгілік өшпейтіндігін мойындатты. 1988 жылы 4 қарашада Ахмет Байтұрсынұлы ресми түрде ақталды. Содан бастап, тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының «көсемі» болған Ахаңмен халық қайта қауышып, оның ұлты үшін еткен ерен еңбектері жас ұрпаққа ашық түрде насихаттала бастады, оның еңбектері мен зерттеулерінің тарихилығы мен маңыздылығы ғалымдар тарапынан нақты дәлелденді.

2.2 ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ РЕФОРМАТАРЫ
Ахмет Байтүрсынов (1873-1938) — мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, түрколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, «Алаш» партиясы көсемдерінің бірі, «Қазақ» газетінің (1913-1917) ұйымдастырушысы әрі редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің қүрбаны..
Қоғам қайраткері Ахмет Байтүрсынов — Алаш қоғамы жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің дербес мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи түлға.1919 жылы Алаш басшы-лығының келісімімен Ахмет Байтүрсынов Қазақ революциялық комитетіне мүше больш тағайындалды, яғни, Кеңес өкімегі кезіңце де жоғары лауазымды ресми қызметтер атқарды: Қазақстан Ха-лық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби Комиссия-ның төрағасы, халық оқу-ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орта-лық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан халық комиссариаты Академиялық орталығының жетекшісі, Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының профессоры бодды.

3 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АНА ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ

3.1 А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕҢБЕКТЕРІ
Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ол бұл салада 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын /әріптерді/ түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен /«Оқу құралымен»/ қатар дүниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін факт – 1920 жылы Қазанда шыққан «Баяншының» басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Демек «Баяншы» ол 1910-1912 жылдары ұсынған. Өйткені оның бала оқытқан кезі - 1895-1909 жылдар болатын. Бұл – көлем іжағынан өте шағын /не бары 15 беттік кітапша/, бірақ нағыз методикалық құрал. Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын Ахмет Байтұрсынов «Әліп-би астары» атты еңбегінде көрсетеді.

3.2 А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БІР ЕҢБЕГІ ХАҚЫНДА
Соңғы рухани өміріміздегі тамаша табысымызың бірі – ХХ ғасыр басындағы реформатор ұрпақ өкілдерінің, олардың мұраларының өз халқына оралуы. Осы салада орасан зор еңбек етіп жүрген белгілі библиограф – ғалым Ү. Субханбердинаның ұзақ жылдардағы еңбегінің нәтижесінде «Қазақ» газетінің жинағы – энциклопедиялық басылымы жарық көрді (Алматы,1998. Құрастырған: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, К. Махов ). Осының нәтижесінде көптеген тарихи мұралар айналымға енері сөзсіз.

3.3 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАК ФОЛЬКЛОР ТЕОРИЯСЫ
А.Байтұрсынұлының фольклор теориясын сөз еткен еңбегі «Әдебиет танытқыштың» «Ауыз әдебиеті» бөлімінде қарастырылған. Бұл еңбек 1926 жылы Ташкент-Қызылордада басылып шыққан. Ол фольклордың белгілі түйінді мәселелерін арнайы зерттеген еңбек емес, оку-ағарту ісінің зәру мәселесі — окулық жазу мақсатынан туындаған зерттеу болып табылады.
Ғылыми құндылығы терен "Әдебиет танытқыш" кітабы Ташкент, Орынбор, Қызылорда секілді Қазақстанның астанасы болған қалаларда ашыла бастаған жоғары оку орындарына оқулык ретінде жазылған.

ҚОРЫТЫНДЫ
Аса көрнекті ағартушы, өткендегі саяси және мәдени тарихымыздың ірі тұлғасы, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымның негізін салған ғұлама ғалым, дарынды ақын, шебер аудармашы Ахмет Байтұрсынов – артына өшпес із, қадірі кемімес мұра қалдырған адам. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ бас кезіндегі қазақ өмірінің қай саласында да Ахаңның атымен байланыспаған бірде-бір мәселе жоқ дерлік.
Бір басында сан – салалы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлағ, халықтың «рухани көсемі» Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына қайта шықты.