Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Тасқа жазылған ғұндардың қаһармандық дастандары және қазақтың ерлік эпосы


Мазмұны
Кіріспе 4
1 Тасқа жазылған ғұндардың қаһармандық дастандары және қазақтың ерлік эпосы 8
1.1 «Алып Ер Тоңа» дастаны 8
1.2 «Шу батыр» дастаны 20
1.3 «Оғыз қаған » дастаны 27
1.4 «Атилла», «Ергенекөк» дастандары 38
2 Қыпшақ тілінде жазылған ғашықтық дастандар 47
2.1 «Мұхаббат – наме» дастаны 47
2.2 «Хұсрау уа Шырын» дастаны 55
Қорытынды 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 63

Кіріспе
Бүкіл қоғамдық ой – санына қайта құрып, дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде көненің көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраларды соның ішінде, бертін келе қазақ халқын құраған ру – тайпалардың фольклоры мен ежелгі әдебиетін ғылыми негізінде танып – білудің мәні зор.
Ал, бұл күрделі міндетті жүзеге асыру үшін, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің түп – төркінін, қайнар бастауларын көркемдік дәстүр жалғастығы тұрғысынан алып зерттеу қажет.

1 Тасқа жазылған ғұндардың қаһармандық дастандары және қазақтың ерлік эпосы

1.1 «Алып Ер Тоңа» дастаны

Ежелгі түркі тайпаларының арғы ататегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуіренде өмірге келген ерлік дастандары күні бүгінге дейін көпшілік оқырман қауымға таныс болып отыр. Мұның өзіндік сыр – себептері бар. Ең бастысы – біздің заманымыздан бұрынғы III – I ғасырларда, яғни ғұндар империясының мейілінше күшейіп тұрған дәуірінде айтыла бастаған ежелгі түркі тайпаларының батырлық жырлары толық сақталмай, бүгінге күнге қысқа – қысқа үзінді күйінде немесе қысқаша сюжеті ғана жеткен.
Соның өзінде, Түркия елінің ғалымдары бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын «Алып Ер Тоңа», «Оғыз қаған», «Атилла», «Шу батыр», «Көк бөрі» және «Ергенекон» дастандары жайында бірқатар зерттеулер жүргізді.

1.2 «Шу батыр» дастаны

«Шу батыр» дастаны – қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихка біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақ және ғұн тайпаларының шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы.
Ежелгі түркі әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі боынша, «Шу батыр» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде – ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н. С. Банарлы өзінің «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу батыр» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткенін, соның өзінде, дастанның жалпы сюжеттік желесі мен жеке үзінділері ғана сақатлғанын айтады [236,15]. Қытай жазбалары арқылы жеткен мәлеметтер бойынша, сақтар мен мемлекетінің ұлнғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен [236, 15 – 16].

1.3 «Оғыз қаған » дастаны

«Оғыз қаған» дастаны - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. «Оғыз қағаннның» атауы жайында әр кезде әртүрлі пікірлер айтылып келді. Бірқатар зерттеушілер оны күні бүгінге дейін «Оғыз - наме» деп атайды. Шындығына келсек, «наме» сөзі парсы тілінде «хат», «өтініш», «трактат», «кітап» деген мағына беретіні мәлім. Сол себепті «наме» сөзі көбінесе жазба түрінде өмірге келген, авторы белгілі шығармалардың тақырыбына қосылып, оған анықтамалық мағына береді. Мәселен - «Шах - наме» - «Шах туралы кітап», «Мұхаббат - наме» - «Махаббат жайындағы дастан», «Бабур - наме» - «Бабыр кітабы».

1.4 «Атилла», «Ергенекөк» дастандары

«Атилла» дастаны – ғұндардың Еуропаға қоныс аударып, Еділ (Атилл) өзені мен Атлант мұхиты арасында билік жүргізген дәуірін жыр еткен туынды. Сол себепті бұл дастан кезінде ғұндардың ата мекені болған ұланғайыр қыпшақ даласында емес, сол көшпелі тайпалардың ерлік шайқастар жасаған жері – Еуропа елдерінде жақсы мәлім еді.
«Атилла» дастанының түпнұсқасы – көне қыпшақ тілінде сақталған. Бұл дастанның жекелеген үзінділері мен сюжеттік желісі ежелгі заман тарихшылары Геродот, Ктезий, Полиэн, Харес Митиленский еңбектері және «Нибелунг туралы жыр», «Вальтария» деп аталатын герман эпосы арқылы бізге жеткен. Қадым заман тарихшылары Пискас және Джорданес сияқты ғұламалар ғұндардың ұлы көсемі, ержүрек Атилла жайында құнды деректер жазып қалдырған. «Атилла» дастанын зерттеуші Н. С. Банарлы, Ф. Көпрүлүзаде, Б. Р. Рахмети сияқты түрік ғалымдары негізінен осы жоғарыда аталған кітаптарға сілтеме жасайды.

2 Қыпшақ тілінде жазылған ғашықтық дастандар

2.1 «Мұхаббат – наме» дастаны

Қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған ғашықтық дастандар ерекше орын алады. Бұл жырлар Қазақ хандығы құрылу қарсаңында жазылған көркем туындылар еді. Сол себепті Алтын Орда дәуірінде жазылған дастандар қазақтың өзіндік төл әдебиетінің мазмұн және форма жағынан қалыптасуына зор ықпал етті.
Алтын Орда дәуірінде жазылған ғашықтық дастандар қазақ ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері саналатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» сияқты лиро – эпос жырларының алғашқы үлгілері деуге болады. Әрине, XIII – XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған ғашықтық дастандар мен Қазақ хандығы құрылғаннан (XV ғасыр) кейін туындаған қазақ тіліндегі лиро – эпостық жырлары арасында айтарлықтай айырмашылықтар да, өзара ұқсастықтар да бар. Әйтсе де біз бұл арада ол туралы отырған жоқпыз. Бұл өз алдына дербес зерттеуді қажет ететін келелі мәселе.

2.2 «Хұсрау уа Шырын» дастаны

Шығыс классикалық әдебиетінің ғажайып үлгілері XIII – XV ғасырларда ұлан – ғайыр қыпшақ кеңінен тараған еді. Фирдоуси, Низами, Сағди сияқты есімдері әлемге мәшһур Шығыс ақындарының шағармаларын Алтын Орда Азия түркілерінің сол кездегі әдеби тіліне көптеп аудара бастады.
Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан аса көрнекті ақындарының бірі Құтб еді. Ақын XIV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген. Алғашта Құтб Сырдария бойындағы мәдени орталықтардың бірі Сығанақ қаласында тұрды. Ал, Тыныбек Алтын Орда мемлекетінің тағына отырған кезде ол Сарай қаласына қоныс аудырды. Кейінірек ол мәмлүктікЕгипетке барып, сонда тұрып қалған.

Қорытынды
Қазақ елі егемндік алып, өз алдында дербес мемлекет болды. Егемендік – ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқының ұлы арманы еді. Сол арманымызға жеттік.
Ал, ғасырлар бойы өзгеге бодан болып, енді ғана азаттықтың дәмін татқан елдің әрбір азаматы мұндайды өзіне- өзі: «Мен кіммін? Біз кімбіз? Ата-тегіміз кім?» деп сұрақ қойды.
Сонымен біз та- тегімізді білеміз бе? Оны білу үшін не қажет? «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөздің түпкі мәнісі неде? Ата – тек – сөзін қалай түсінеміз?
Бұл сұраққа бірден жауап беру жеңіл- желпі іс емес. Өйткені кеңестік заманда ата- тек сұрастыру айып саналды. Өзіннің шыққан тегін айтқан адамды- рушыл, ұлтшыл, тіпті нәсілшіл деп сынады. Сол себепті ұзақ жылдар бойы ата- тек шежіресі ғылыми тұрғыдан да зерттелмей келген еді.