Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тегеран конференциясы


Мазмұны
1 Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тегеран конференциясы 3
1.1 Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері 3
1.2 Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу 4
1.3 Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары 7
1.4 Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер 9
1.5 Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы 11
1.6 Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер 15
1.7 Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы 22

1 Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тегеран конференциясы
1.1 Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзаққа созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны «дәуір айнасы» деп бекер айтпаймыз.

1.2 Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу
Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.
XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер — Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар (қосымшадағы 2-кестені қараңдар).

1.3 Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары
Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршеңдігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1.4 Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер
Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, дамуы, қалыптасуы немесе оның ыдырауы мен егемендігінің жойылуы, мемлекет атының өзгертілуі, астаналардың көшірілуі, шекаралардың өзгерісі, т.б. мәселелер аса күрделі тарихи-қоғамдық процесс болып табылады. Бұл процестер — саяси, әскери, әлеуметтік, экономикалық, діни, этникалық, т.б. көптеген ішкі және сыртқы факторлармен анықталады.

1.6 Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер
Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен экономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай бірнеше топшаларға бөлінеді.

1.7 Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы
Дүние жүзі елдерін сандық және басқа да ерекшелік белгілеріне қарай жіктеп топтастырамыз. Ең алдымен, сандық белгілері бойынша көп таралғаны — елдерді жер аумағы көлемі мен халқының санына байланысты топтастыру. Мәселен, әлемде жер көлемі 3 млн км2-ден асатын ең ірі 7 ел көзге түседі. Сол сияқты халқының саны 100 млн адамнан асатын әлемде 11 ел бар. Олардың халқы бүкіл жер шары халқының 3/5 бөлігін құрайды. Дүние жүзі елдерін осындай сандық көрсеткіштері бойынша бірнеше сатыға бөліп топтастыруға болады. Әдетте, саяси картада орта және шағын мемлекеттер саны басым. Сонымен қатар «ергежейлі елдер» деп аталатын аса ұсақ елдер өз алдына жеке топ құрайды.