Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Қазанғап күйші

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) - қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері - арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі - Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.

Ұлы күйші көп жылдарға дейін зерттелмей келді. Шындығын айтқанда, кешегі кеңес дәуірінде зерттетпеді, Қазанғаптың күйлерінен астар іздестірілді. Қазақ музыкасын профессионалдық тұрғыдан зерттеп, бір ізге түсірген, ұлттық өнерімізге еңбек сіңірген академик Ахмет Жұбанов 1940-жылдары Қазанғапты жарыққа шығармақ болған. Кітап та жазады. Алайда, Ахаңның үстінен “шаш ал десе, бас алатын” біреулер арыз жазып, кедергі келтірген көрінеді. Кейін кітапты өзгертіңкіреп жариялауға тура келеді. Сол кездегі жандайшаптардың қойған айыбы – Қазанғап қыз-келіншектерді күйге қосыпты, пессимистік сарын басым, күйлерінен феодализмнің иісі аңқып тұр, ескі заманды аңсаушы.

1916 жылы 25 шілдеде орыс патшасы қазақтардан солдат алу туралы жарлық бергені тарихтан белгілі. Патшаның бұл жарлығына қарсы болған қазақтар бір жерден екінші жерге үдере көшкенде, мүмкіндігі жоқтар жұртта қалып қойған. Мұны да Қазанғап “Жұртта қалған” деп күйге қосады. Бұл күйлерден жазықсыз зәбір көрген қазақтың мұңы естіледі. Осылайша орысқа қарсы шығып, домбырамен жырлаған Қазанғаптың күйлері Кеңес үкіметіне үрей туғызды. Елін, халқын сүйген Қазанғаптың, қазіргі заманның тілімен айтқанда, патриоттық күйлері кешегі кезеңде қайдан ұнай қойсын.

Қазанғап күйлерінің кейде нотаға сыя қоймайтын қалтарыс-бұлтарыстарына дейін дәл орнымен жеткізе біледі деп бағаланған Нұрболат Қазанғапты насихаттау әлі де жеткіліксіз деп қынжылады. Мен айтамын: экономикамыз өрлеп, санамыз өзгеріп, ұлттығымызды да ұлықтармыз, деп. Кәкімбек Салықов Тәттімбет туралы “Ең қиыны, ұлы күйші бүгінгі ұрпақ тарапынан әлі күнге лайықты бағасын ала алған жоқ” деп жазған болатын (“Егемен Қазақстан”, 2005 жыл, 18 қараша). Н.Жанаманов та осыны айтып отыр. Ақтөбелік тарихшы-ғалым Закратдин Байдосов 1908 жылы Ресейдің императорлық географиялық қоғамының шақыруымен Қазанғап пен бір жыршының Орынборда 10 күн бойы күй тартып, жыр жырлағаны туралы архивтік деректі Ресей мұрағатынан кездестіргенін айтып еді. Императордың өкілдеріне керек болған Қазанғап өзінің төл халқына да керек.