Қаржыны басқаруды ұйымдастыру
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7
І. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару 7
ІІ. Мемлекеттің қаржысын басқару 10
ІІІ. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23
КІРІСПЕ
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
ІІ. Мемлекеттің қаржысын басқару
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық, басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
ІІІ. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру - бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық - математикалық әдістер мен электронды - есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өндеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржы тәртібіндегі алшақтықтарды жоюға бағытталған жедел шараларды дер кезінде қабылдау жөніндегі қаржы аппаратының мүмкіндіктері едәуір артады. Қаржы қызметкерлерінің БАЖ-дан алған ақпараттары оларға көптеген нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.