Торғай облысындағы 1916 жылғы. Ұлт-азаттық күрес
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Аманкелді Иманов қазақ халқының атақты батырына айналды. Оның есімі, қаһармандық ерлік істері аздап ауызға таралып, халық әдебиетінде кеңінен бейнеленді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласының жер-жерінің бәрінде халық ақындары оны сескенуді білмейтін батыр, правосыздар мен жарлы-жақыбайлардың қорғаушысы ретінде жырға қосты.
Торғай облысында Аманкелді Имановпен бірге көтеріліске Аманкелді Имановтың дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған большевик Әліби Жангелдин басшылық етті.
Алайда буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары Аманкелді Имановтың көтерілістерін қуғындауын тоқтатпады.
Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады.
Көтерілістің тәжірибесі қазақ шаруаларын орыс жұмысшы табымен одақтасқанда ғана, оның көмегімен және басшылығымен ғана ұлттық және әлеуметтік азаматтыққа жетуге болатынын үйретті.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын - Россия империализмнің жалпы дағдарысының бір көрінісі.