Табиғи ресурстардың қоғам өміріндегі рөлі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі 4
2 Табиғат ресурстарын меншік құқығы 14
Қорытынды 21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 22
Кіріспе
Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады.
1 Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі
Ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалану адамзаттың өзіне де келер болашақ үшін ең маңғызды мәселелерді бірі болып табылады. Сондықтан да оны пайдалану, іске асырудың небір оңтайлы жолдарын тауып, жүзеге асыру жер бетінде, оның ішінде Қазақстаннның ұлан –ғайыр территориясында тұрып жатқан Қазақстандық әр азаматқа тиіслі мәселе болып табылады.
Осы тақырыпқа байланысты келелі мәселелер еліміздің түкпір – түкпірінде, Парламент қаруында да орын алып отыр.
Бұл меморандумды қабылдаудың басты мақсаттары : қаланы ауылшаруашылық өнімдерімен жыл бойы қолайлы бағалармен, тұрақты түрде қамтамасыз ету, тағам өндіру және қайта өңдеу саласын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету арқылы дамыту және ішкі нарық сұраныстарын қамтамасыз етіп, сыртқы экспорт потенциалын дамыту. Алматы қаласының айналасында Азық-түлік белдеуін жасап, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-аухатын көтеру.
Екіншілікті ресурстарды пайдалануға байланысты жуырда үлкен отырыс өткізіп, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қоршаған орта эмиссиясының мөлшерлемесiн 65 пайызға ұлғайту және екіншілікті ресурстарды пайдалану жөнінде біраз оң шешеімдер қабылдаған болатын.
2 Табиғат ресурстарын меншік құқығы
Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.
Қорытынды
Меншік иесінен табиғат объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға жол берілмейді, оған мына жағдайлар жатпайды:
1. Меншік иесінің міндеттемелері бойынша ақы ҳндіріп алу;
2. Мемлекет қажеттері үшін меншік иесінің жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қою;
3. Меншік иесінен мақсатына қарай пайдаланылмаған немесе заңды бұзып пайдаланған табиғат объектісін мәжбүрлеп алып қою:
4. Мұрагерліктің мемлекетке кҳшуі;
5. Реквизициялар, яғни тҳтенше сипаты бар табиғи зіззала , авариялар, індеттер жағдайында және ҳзге жағдайларда меншік иесінен табиғат объектілерін алып қою, табиғат объектілері мемлекеттік органдардың шешімі бойынша қоғамның мүддесі үшін заң актілерімен белгіленген тәртіпте және шарттарда меншік иесінен, оған құнын тҳлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
4. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы