Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ қоғамының әдет – ғұрып құқығы

Жоспар
1 Қазақ әдет – ғұрып құқығының ерекшеліктері 3
2 Меншік құқығы 4
3 Міндеткерлік құқықтар 5
4 Отбасы –неке құқығы 6
5 Мұрагерлік құқық 7
6 Сот және сот ісін жүргізу 8
Әдебиеттер 10

1 Қазақ әдет – ғұрып құқығының ерекшеліктері
1) Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет – ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені “адат” деп аталды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1971ж. дейін өмір сүрді.
Қазақ әдет – ғұрыптарының ерекше белгілері:
1) рулық, патриархалдық әдет – ғұрыптардың сақталуынан көрінетін консерватизм;
2) Қазақ әдет – ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті.

2 Меншік құқығы
Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттелген. Азамататрдың сатуға, айырбастауға, сыйлауға, мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды. Жер адат бойынша қауымның меншігі болып есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды.

3 Міндеткерлік құқықтар
Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісімшарт жасау уәдкберу, ант беру, куәлардың алдында келісім жасау, т.б. жолдармен жасалды.
Малды қарызға алған кезде қарыз алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарыз алушы борышын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Мұндай келісімдер екі немесе одан да көп куәлар алдында жасалады.

4 Отбасы –неке құқығы
Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайладанды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.
Неке. Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды.

5 Мұрагерлік құқық
Мұраға қалдыру жазбаша және ауызша өсиет түрінде жасалды. Ауызша өсиет жасалғанда куәлар қатысқан. Әдет – ғұрып құқығы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары болды.
Мұрагерлік құқық қыз балалардың да құқығын қорғаған. Мұра бөлудің мынандай тәртібі туралы деректер бар: мұраның сегізден бір бөлігі жесірге тиесілі; он екіден бір бөлігі қайтыс болғанның әкесіне және барлық әйелдеріне тиесілі; қалған бөлігі ұлдары мен қыздары арасында бөлінеді. Ұлдық үлесі қыздан екі есе артық болады.

6 Сот және сот ісін жүргізу
Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар, билер жүргізді. Хан мен сұлтанның қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің қатысуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.