Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е 3
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 15
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 43
К І Р І С П Е
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, методологиялық принциптері мен әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректер мен әдебиетке сипаттама беріледі.
Диссертацияның «Қазақстан қоғамын жаңғырту (модернизациялау) кезеңіндегі көші-қон (1926-1939 жж.)» деп аталатын бірінші тараудың «Көші-қон процестерінің тарихнамасы» тараушасында тарихи демография саласы бойынша зерттеу нысаны етіп алынып отырған көші–қонның анықтамасы мен тарихнамалық еңбектерге талдау жасалды.
Ресейлік зерттеуші Т.А. Володинаның ғылыми еңбегінде тарихнамалық зерттеудің әдістемесіне қызығушылық 1960-жж. туа бастағандығы айтылады. Тарихнамалық зерттеу мәселесіне және оның ғылымдағы алатын орнын анықтау барысында қызу талқылауға М.В. Нечкина, А.В. Черепин, А.М. Сахаров, С.О. Шмидт, А.Л. Шапиро, С.Л. Пештич, Е.Н. Городецкий және тағы басқа ғалымдар қатынасқан. Осындай талқылаудан кейін ғалымдар тарихнама тарих ғылымы болып табылады және мазмұны жағынан ғылым дамуының мынандай қырларын қамтиды деген тұжырымдар жасады: тарихи процестің жалпы концепциясы; зерттеуге қойылған бағыт; зерттеу әдістері; жаңа әдістемелік мәселелер; жаңа деректерді ғылыми айналымға тарту; ғылымды жаңа сапаға көтеруде жаңаша ұйымдастыру мәселелері. Тарихнамалық зерттеу салыстырмалы түрде талдау әдістеріне сүйенгендіктен, ғылымның бір кезеңінен екінші сатыға өткендегі жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді, яғни бұл белгілі бір тақырыптардың зерттелу, зерделену деңгейін көрсететіндіктен, ғылым саласы ретінде жаңа сапаға көтерілер шақта өте қажет зерттеу бағыттарының бірі болып табылады.
Жалпы әлемдік тарих ғылымдағы секілді Қазақстандық тарих ғылымында да көші-қон мәселесі классикалық теорияның прагматикалық ұғымдарының таза пәндік шекаралық шеңберінде зерттелуде. Қазақстандық ғалымдар тарихи демографияның барлық мәселелері секілді 20 ғасырдағы өзгерістер әкелген көші-қондық үрдістерді жан-жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты мәнін ашу бағытында зерттеуде.
Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтының зиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудың бір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметінің пайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оның сын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ:
1 Депортация: Қазақстанға қоныс аударылған иран ұлтының өкілдері // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы, 2003. -№ 1. -128-130-бб.
2 Депортацияланған халықтар және Қазақстан // Қазақ Ордасы, 2003. -№ 3. -53-55-бб.
3 Қаралы кезеңдегі Халық санағы // Қазақ тарихы, 2004. -№ 6. -122-124-бб.
4 Қазақстандағы көші-қондық процестердің зерттелуі / Бекмаханов тағылымы – 2004. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. -2004 ж. 18-19 мамыр. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. -290-293-бб.
5 Қазақстанға депортацияланған ұлттардың демографиялық жағдайға тигізген әсері / “Гуманитарлық және құқықтық білімдердің әлеуметтік-мәдени проблемалары”. Қазақ гуманитарлық заң университетінің он жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. -2004 ж. 20 қазан. –Астана: КазГЗУ, 2004. -118-123-бб.
6 Көші-қон процесінің Қазақстан ұлттық құрамына тигізген әсері // “Қазақстан және әлем: тарих және заман” Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -2004 ж. 22 желтоқсан. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2005. -40-43-бб.
7 Қазақстанның ұлттық құрамындағы өзгерістер // “Қазақстан жалпы адамзаттық ойлау аясында” атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. -2005 ж. 25-26 мамыр. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. -176-180-бб.
8 Көші-қон процестерінің тарихнамасы // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. -2005. -№2. -33-35-бб.
9 Көші-қондық үрдістердің зерттелуі // Қазақ тарихы. -2006. -№ 6. -65-68-бб.
Р Е З Ю М Е
Миграционные процессы в Казахстане и его историография
(1926-1959 гг.)
Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.09 – Историография и источниковедение (Историография, источниковедение и методы исторического исследования);
07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)
Во введении обосновывается актуальность темы, раскрывается методологическая основа, определены хронологические рамки, цель и задачи, научная новизна, практическая значимость и результаты исследования.В данной диссертации впервые углубленно и комплексно исследуются миграционные процессы, происходившие в Казахстане в 1926-1959 гг., а также историография данной проблемы.Представленная диссертационная работа преследует задачу изучения особенностей миграционных процессов в 1926-1959 гг. и обобщения исследований по истории миграционных процессов в рамках проблемно-хронологического принципа. Использование данной формы исследования дает возможность провести квалификацию и группировку научной литературы по данной проблеме, рассмотреть развитие исторической демографии в целом.Методологическую основу исследования составили общеисторические и историографические принципы. В работе были использованы сравнительно – исторический, хронологический, специально историографические методы исследования, а также метод актуализации.Во введении обосновывается актуальность темы, раскрывается методологическая основа, определены хронологические рамки, цель и задачи, научная новизна, практическая значимость и результаты исследования.В первой главе на основе тщательного анализа историографии миграционных процессов в годы модернизации сельского хозяйства предложены новые теоретико-методологические подходы к основным аспектам социально-демографического развития народонаселения, основанные на концептуальных принципах объективного исследования.Во второй главе раскрыты степень изученности миграционных процессов в годы Второй Мировой войны. Изучая механический прирост населения Казахстана в эти годы, автор анализирует влияние всех типов мигрантов на изменение национальной структуры страны.В третьей главе произведен анализ миграционных процессов послевоенного периода и раскрыто влияние миграционных процессов на динамику этнической структуры населения. Изучая механический прирост населения Казахстана в эти годы, автор анализирует влияние всех типов мигрантов на изменение национальной структуры страны. В том числе, впервые исследуется проблема возвращения в 1950-х гг. из-за рубежа в Казахстан наших соотечественников-репатриантов, называющихся в документах «советскими гражданами».
В заключении подводятся основные итоги исследования.