Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан тарихы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Асан қайғы - дала данышпаны

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]

Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап, қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды. Асан қайғы қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен ерекшеленеді.

Асанның танымдық қабілеті табиғаттағы заттардың қасиеттерін анықтауға, олардың адамға деген қатынынасын мөлшеулерге бағытталады. Қоршаған табиғаттағы заттық мәндерден олардың адамға, өмірге тигізетін әсерін, пайдалы- зиянды салдарларын пайымдап білген Асан көшпелі қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын өзіндік «әрекеттік» пайыммен шешіп отырады . Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын арлайды. Оның барған жерлері өзіне ұнамайды. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан Қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ.

Пайдаланылған әдебиттер
1.Күнқожаев Н.»Адам және қоғам » »А»Рауан 1997ж,44бет.
2.Қуаныш.Махамбет »Оқшы атадағы 7 әулие » Қ ,2003ж,11бет
3.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы ,А,1998ж 470бет
4.Әуезов. М »шығармалар» ,А, »жазушы» 1969ж,11т,480 бет
5.Қазақстан тарихы »10 сынып » 160бет
6.Қуаныш.М »Оқшы атадағы 7 әулие» қ,2003ж,26бет
7.Қ.Р.Ұ.ҒА Сирек қолжазбалар қоры папка №333/11дәптер. Толысбай Кенжалы.
8.Қуаныш Т »Оқшыдағы 7 әулие » қ,2202ж,67бет