Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ өнері

Өнерi. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, дiни нанымға құрылған. Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом. өрнектi қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде ашылды. “Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы жартастарда 16 — 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңiнде өзiне тән музыкалық дәстүрi дүниеге келдi; соның нәтижесiнде бай муз. мәдениетi қалыптасты. Бесiк жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегi салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды.

Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би — ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi “Өрмек би”, аңшылар өмiрiн бейнелейтiн “Қоян би”, әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған “Аю биi”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билерi — ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi. Муз. фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүрiп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткiзу, салтанат құру кең етек алды.

Қазақ цирк өнерi көшпендi тiршiлiктiң ыңғайымен бiте қайнаса дүниеге келдi. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен бiлдiрiп, түрлi дене қимылдарымен жұртты күлдiру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзiл-ажуа сөздермен көпшiлiктiң көңiлiн көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерiнiң алғашқы нышандары көрiнiс бердi.