Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Реферат

Объем: 30 стр.

Полный просмотр работы

Өндірістегі шығындар есебінің әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау


Жоспар
1 Басқару есебіндегі өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы 3
2 Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері 8
3 Калькуляциялаудың процестік тәсілі 11
4 Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі 13
5 Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі 19
6 Өнімнің өзіндік құн есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісі 23
Әдебиеттер 30

1 Басқару есебіндегі өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нактылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шықкан шығындар жинақталып қорытылады.

2 Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері
Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жузеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жургізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойьшша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген кызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.

3 Калькуляциялаудың процестік тәсілі
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.
Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.
Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.

4 Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі
Бұл тәсіл кеңінен таралған. Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорындарда қолданылады.
Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандыктан, бұл тәсіл бөлістік деп аталды. Мұндайда жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі. Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады. Бөлістік тәсіл мыналарға тән:

5 Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі
Бұл тәсіл бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.
Әдіс негізгі материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған материалдар), өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және басқа тікелей шығындарды нақты өніммен, жұмыспен немесе көрсетілген кызметпен азды-көпті жеңіл ұқсастыруға болатын жағдайда ғана қолданылады.
Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:

6 Өнімнің өзіндік құн есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісі
Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:
• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;
• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.
Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.