Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Баяндама

Объем: 20 стр.

Полный просмотр работы

Адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болған антропогендік өзгерістер

Мазмұны

Кіріспе 3
І. Атырау мұнайлы өңірдің экологиялық жағдайы 8
1.1 Экологиялық проблемалар 8
1.2 Атмосферадағы ауаның ластануы 10
2 Топырақ және өсімдік экологиясы 14
2.1 Су ресурстарының жағдайы 14
2.2 Топырақ және өсімдік экологиясы 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 20

Кіріспе

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей адам,қалай ғана қатыгездік жасайсын,
Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың.
Мұқағали Мақатаев
Ата – бабаларымыз бала бойында сәбилік шақтан бастап қоршаған ортаға,табиғатқа деген дұрыс көзқарас,құрмет сезімін қалыптастырып отырған.Қоршаған тіршілік ортасын ата – бабаларымыз біздерге сан ғасырлар бойы бүлдірмей,ластамай,көркейтіп жеткізді.Ал біздер келешек ұрпаққа не қалдырамыз?!
Халқының көрнекті ағартушы Ш.Уалиханов өз еңбегінде былай деп жазған «Сұлулықты,көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші.Ұшқан құс,жүгірген аң,өзен – көл,тау – тас,өсімдіктер дүниесі – бәрі де адамға ләззат береді.

Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе – биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі. Бұл мәселенің тууына адамдардың қолымен жасалған экологиялық сауатсыз іс - әрекеттердің нәтижесі себеп, яғни антропогендік ландшафтардың пайда болуы.

І. Атырау мұнайлы өңірдің экологиялық жағдайы
1.1 Экологиялық проблемалар
Атырау облысы мұнай қорын игеруге байланысты республикамыздың ірі мұнай – газ аймағы болып табылады. Олай болса, техногенді салмақтың күшеюі нәтижесінде ландшафт компаненттері климаты, өсімдігі, гидрографиясы қатты ластануға ұшырайды. Тіпті өңдеу жұмыстарын тоқтатқаннан кейін де қоршаған орта ластанушы зиянды заттардан 30 жыл уақыт ішінде толық тазара алмайды. Мысалы, мұнайдың көп мөлшерін ластанған қара топырақтағы астық шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 0-ге дейін төмендейді, топырақ 3-15 жылға дейін қалпына келмейді.

1.2 Атмосферадағы ауаның ластануы
Бірінші экологиялық проблема – атмосфералық ауаның ластануы.
Ауаның негізгі ластануы көміртегі оксидіне,ауада жанған органикалық отын өнімдеріне,кәдімгі отын құрамындағы улы заттармен байланысты. Атмосферадағы көміртегі оксиді мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқуына, яғни арта түсуіне түрлі отын көздерін (мұнай,тас көмір, табиғи газ) жаққан кезде ерекше әсер етеді.
Атмосфералық ауаның ластануын қарапайым мысалдар арқылы,айналамызға тазалық айлығы жүргенде керексіз заттар, қоқыстар өртеледі.Бұл әрине сансыз көп машинадан бөлінетін улы заттармен қоса ауаны ластайды.Ол заттарды өртемей,жерге көмген жағдайда бірнеше жылдарда жер қабаттары пайда болатыны белгілі.

2 Топырақ және өсімдік экологиясы
2.1 Су ресурстарының жағдайы
Екінші экологиялық проблема – су ресурстары.
Қазақстан суға тапшы елдер қатарына жатады.Атырау облысында таза су тапшылығы белең алған. Оның үстіне өзен – көлдердің ластануы (мұнай өнімдері,химиялық заттар т.б) жоғары деңгейде.
Каспий теңізінің экологиясы да бүлінген деп есептелуде.Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде көмір қышқыл газы,азот,аммиак және сынаппен ластанған.

2.2 Топырақ және өсімдік экологиясы
Үшінші экологиялық проблема − жер ресурстары.
Деректерге қарағанда, жердің шөлге айналу процесі жылдам жүруде. Оның негізгі себептері- жерді аяусыз пайдалану, тоздыру, ластану болып отыр. Сонымен бірге өндіріс қалдықтарының далаға шығарылуы, су тасқындары, жүйесіз суару, химиялық улы препараттарды есепсіз пайдалану, жасанды минералдық тыңайтқыштарды сауатсыз пайдалану экологиялық апатты жағдайға әкелді. Оларға, мысалы:

Қорытынды
Адам табиғаттан қажетті бар байлықты көп алғысы келеді де,оның орнын толтыруға тырыспайды. Бүгінгі таңда біздің мойнымызда табиғаттың алдында үлкен парызымыз бар,қоршаған ортаны ластанудан сақтап қорғап, аялап, келер ұрпаққа үлгі ретінде қалдырып отыру. Себебі, оның артында бізден кейінгі ұрпақтың денсаулығы тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Атамекен» газеті 2005ж. №88 «Теңізге қауіп төніп тұр.»
2.Ш.Уалиханов.Таңдамалы шығармалары. Алматы. «Жазушы» 1985ж
4. «География және табиғат» журналы 2004ж. №3 38-бет.
5.Е.А.Мамбетқазиев. «Табиғатты қорғау» Алматы. «Қайнар» 1990ж.
6. «География және табиғат» журналы 2007ж. №6 25-бет
7. «Биология,химия,геграфия» журналы 2006ж. №3 18-19-бет.
8. «География, биология, экология орта мектепте» 2008ж. №1 3-5 бет
9. «Алтын орда» газеті 2007 ж 9 ақпан 4-бет
10. «Атамекен» газеті 1997 ж 4 бет