Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Аудан туралы жалпы мәлімет 4
2 Ақыртөбе ЖГҚ қажеттілігі мен даму мүмкіндіктері 5
3 Геологиялық бөлім 6
3.1 Стратиграфия 6
3.2 Тектоника 8
3.3 Гидрогеологиялық сипаттамасы 9
3.4 Қабат-коллектордың геология-өндірістік сипаттамасы 10
4 Ұңғы конструкциясы 13
5 Техникалық бөлім 14
5.1 Газды айдаудың техникалық сұлбасы 14
5.2 Газ тарату пунктері 15
5.3 Газды алудың технологиялық сұлбасы 15
5.3.1 Газ тазарту қондырғысы 15
Қорытынды 17
Әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

Бұл есеп беруде Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасына қатысты жалпы мәлімет және оның қызметі туралы айтылады.
Казіргі заман талабына сай газбен қамтамасыз ету жүйесі күрделі, әрі қымбат өндірістік кешендерден тұрады: 1) Газ көздерінен (газды, газоконденсатты немесе газоконденсатты - мұнайлы кен орындар); 2) Газды тазартуға, кептіруге, конденсатты өндіру мен газды тасымалдауға арналған дайындау қондырғылары; 3) қабат қысымының энергиясын пайдаланып механикалық жұмыс жасайтын,электр энергиясын өндіретін қондырғылар; 4) конденсат өңдейтін зауыттар; 5) магистралды газ желілері; 6)жерасты газ қоймалары; 7) қалалық газ тарату желілері.
Аталмыш газбен қамтамасыз етуде барлық құрылымдар пайдалану кезінде біртұтас толық жүйені елестетеді. Жүйенің кез-келген элементінің технологиялық режимінің пайдалану кезінде бұзылуы басқа да буындардың зардап шегуіне алып келеді. Әрбір элементтің рационалды жұмыс атқаруы газбен қамтамасыз ету жүйесінің барлық буындарының технико-экономикалық көрсеткіштері жоғары болғанда ғана мүмкін.
Жерасты газ қоймасы көптеген мақсаттарда қолданылады, солардың ең бастыларына тоқталайық:

1 Аудан туралы жалпы мәлімет

Ақыртөбе ауданын пайдалануға бұрғылау жұмыстары газды, газоконденсатты, мұнайлы кен орындарды игеруді жүргізетін жұмыс комиссияның талаптары бойынша орындалды. Мұнда ЖГҚ пайдалануды қарастыратын «Ақыртобе ауданында ЖГҚ технологиялық сұлбасы» (протокол № 14/81 4 мамырдан 1982 жылы, газ министрінің орынбасары С.С. Кашировтың 19 мамырдағы 1981жылғы ұйғарымымен жасалған).

2 Ақыртөбе ЖГҚ қажеттілігі мен даму мүмкіндіктері

Географиялық орналасуы бойынша (Ақыртөбе ЖГҚ Тараз бен Бишкек қалаларының аралығында орналасқан) Ақыртөбе ЖГҚ жоғарыда көрсетілген қалалардың газ тұтынуына тікелей әсер етеді. Егер, бұл ЖГҚ Шымкент-Жамбыл-Бишкек-Алматы газ құбыры бойында орналасқанын ескерсек, онда оның жұмыс режимінің Алматыны газбен жабдықтауда үлкен әсер ететінін аңғаруға болады. Қазіргі уақытта газ қоймасының көлемі жоспарланған көлемге жетті, ол құрудың 1 этапында шамамен 700 млн. м 3.
Еске түсіретін нәрсе, ЖГҚ жобаланған толық қуаты 1310 млн. м 3 болу тиіс, оның 700 млн. м 3 активті газ үлесіне тиеді. Шымкент, Жамбыл, Бишкек және Алматы өндіріс тараптарының мерзімдік газды тұтыну көлемі 2000 жылдары 1,5-1,6 млрд. м 3 / жылға жетті. Егер суық қысты және табиғи апаттармен ірі аварияларды есепке алатын болсақ, онда Шымкент-Жамбыл-Бишкек-Алматы участкілеріндегі қажетті газ көлемі мерзімдік газ тұтыну көлемінен 50-60% жоғары болу керек, ол кездегі көлем шамамен 2,2-2,4 млрд. м 3 /жыл болуы керек .Мерзімдік газды тұтыну көлемін газ қоймасының көмегімен реттеу газ тасмалдау жүйесінің өндірістік көлемін пайдалануды айтарлықтай тиімді етеді. Сол себептен еліміздің оңтүстігіндегі газ жүйесін газ сақтау бағдарламасының дамуымен ұштастырған жөн.

3 Геологиялық бөлім

Бұл бөлімде Ақыртөбе ЖГҚ тиімді құрылымын анықтау мақсатында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Ақыртөбе ауданы Қазақстан республикасының Жамбыл обылысының территориясында Тараз қаласынан шығысқа қарай 60 шақырым және батысқа қарай Бишкектен 135 шақырым жерде орналасқан. Ташкент-Бишкек-Алматы газ құбырының магистральді трассасы ауданнан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Ең жақын елді мекен Ақыртөбе ауылы.

3.1 Стратиграфия

Қиманың стратиграфиялық жіктелуі көрші Талас, Ақбақай және т.б. аудандардың аналогтары бойынша (бұл қималар Бакиров С.Б. түпкілікті зерттелген) және барлау бұрғылау жұмыстарының мәліметтері бойынша жасалды.

3.2 Тектоника

Тектоника тұрғысынан Ақыртәбе көтер ілімдері Шу-Сарысу синеклизасының оңтүстік-шығысында Мақпал блогына жүктеліп тұрған Курагатин білігінде соңғы локалды құрылым болып табылады. Ол оңтүстікте Талас-Қосқұдық қабыршақ зонасымен шектелген. Осылайша 250 км, ал ені 30-40 км болатын синиклиза оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.

3.3 Гидрогеологиялық сипаттамасы

Ақыртөбе көтерілімдері гидрогеологиялық тұрғысынан Шу-Сарысу артезиан бассейнінің территориясында орналасқан. Қималарда 10 суарынды горизонттар көрсетілген. Олар белгілі стратиграфиялық кешендерге топтасқан: девон, турней, визей, серпухов, орта-жоғарыкарбонды, төменгі пермді (тұз үсті және тұзды қабаттар), жоғары пермді (тұз асты), бор, палеогенді және неоген-төрттік.
Есеп беруде Ақыртөбе ауданының суарынды горизонттарына қысқаша сипаттама беріледі.

3.4 Қабат-коллектордың геология-өндірістік сипаттамасы

Ақыртөбе ауданының геолого-геофизикалық деректерін сараптама нәтижесінде аңғарғанымыз, қимада көрсетілген 10 құмтасты-алевролитті қабаттың тек екеуі ғана ЖГҚ пайда етуге жарамды болып шықты. Осылай болуына негізгі себеп, ауданның жабындармен (саз бен аргиллиттер) жабылуы. Бірақ, бор түзілімдерінің жапсарларының құрылымдары солтүстікте қалыптасып болғандықтан, жерасты газ қоймасын жасау үшін жоғары пермнің тұз үсті қабатының қабат-коллекторын пайдаланған жөн. Осымен бірге бірінші қабаттың үстінде 18-32м биікте жатқан екінші қабат-коллекторды да пайдалануға болады.

5.2 Газ тарату пунктері

ЖГҚ орналастыруда газды дайындау мен жинаудың орталықтандырылған сұлбасы қолданады. Ұңғының өнімін тарату, шығымын өлшеу, алғашқы ретті айыру осында жүреді. Газды жер астына айдау кезінде компрессорлық станцияға түсетін (КС) газ коллектор арқылы өлшеу диафрагмаларынан өтіп, кіріс және шығыс желілері блогына барады.

Қорытынды
Практиканың өту барысында теориялық білімдеріміз шыңдалып, іс жүзінде жұмыс жасау тәсілдерін меңгеріп, ЖГҚ сұлбасын, газды жинау және тасымалдауға дайындау жайлы терең біліммен қанықтық.
Есеп беруде объектінің геолого-физикалық сипаттамасы, газды айдаудың технологиялық сұлбасы, ұңғылардың жоспарланған геологиялық қимасы, ұңғылар конструкциясы, газды алудың технологиялық сұлбасы және Ақыртөбе ауданының құралымының қысқаша геологиялық мәліметтері берілген.