Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыскер тұлғасының құрылымы. Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасын құрайтын негізгі қасиеттер

Қылмыскер тұлғасы кез келген адам тұлғасы сияқты белгілі бір құры¬лымға – өзара байланысқан және өзара әрекеттес элементтер тобына ие бо¬ла¬тын тұтастай құрылым болып көрінеді. Қылмыскер тұлғасының құрылымын зерттеу – элементтер мен құрылымдар арасындағы байланыстардың өзгеріс¬тері тұлғаның түбірімен қайта жаңғырумен барабар болатындықтан оның мінез-құлқындағы қозғалмалы күштеріне жақындасып, танып-білу.

Құрылымдық бөліктерден бір нәрсені алып тастау, бөліктер өздігінен өзі дербес жалғасын таба алмайтындықтан бүкіл құрылымның тұта¬стығын бұзады. Демек, олардың бәрі де бір-бірімен өзара тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді.
Қылмыскер тұлғасы құрылымының басқа жа амалдары анықталуы мүмкін. Әсіресе, мынадай жолдары белгілі:

Еңбектен қол үзу немесе өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы¬лық¬¬пен қарау, қоғамдық өмірге араласпау, тұрмысқа икемсіздігі, үнемі алко¬гольдік ішімдіктен, кейде нашақорлықтан арылмауы сияқты фактілер адамды физикалық, ой-өрістік және әлеуметтік кері кетушілікке мәжбүр етеді. Осы¬ған байланысты қылмыскер тұлғасына тән қасиеттерді былайша бөлуге бола¬ды: а) бірінші – адамның қылмыс жасағанына дейін пайда болған қасиет; б) екінші – қылмыстық өмір салты салдарынан болған, өз кезегінде осы салттан бас тартуды күрделілендіре түсетін қасиет. Осыдан келіп қылмыскер тұлғасы айырықша көрінген түрінде қылмыстық мінез-құлық себептерінің бірі ғана емес, белгілі бір дәрежеде осындай мінез-құлықтың өнімі.

Абсолюютік көрсеткіш бойынша қылмыс жасаушылар арасынан жұ¬мыс¬шылар саны тым көп көрінеді, ал ауылдықтар, қызметкерлер, оқушы жастар аз. Сұрыптап зерттеу қылмыскерлердің көпшілігі еңбекке жарамды, тек оныншы адамның біреуі ғана еңбекке шектеулі түрде жарамды екенін көрсетті.

Мысалы, адам тұлғасына жағымсыз – жек көрушілік қатысы нелік¬тен пайдақорлық-жекеменшіліктік ағымнан алшақ, өйткені тонау мен ша¬буыл жасау сияқты тұлғаның сипаттары, былайша айтқанда «бірінің ізін бірі басып» жүреді. Бұзақылық үшін адам тұлғасына жағымсыз-жек көрушілік, жалпы әлеуметтік түрлі нұсқамаларға байланысты жеке бастың қамы тән.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, криминогендік әсеріне, көрінуі мен белсенділігіне байланысты қылмыскерлер мынадай топтарға бөлінеді: