Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік
Жоспар
1 Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік 3
1.1 Сауда жағдайындағы баланс 6
1.2 Саудадан алынатын ұтыс 8
Әдебиеттер 12
1 Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.
1.1 Сауда жағдайындағы баланс
Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады.
1.2 Саудадан алынатын ұтыс
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс - елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс, тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе-теңдік бағаға қозғалысына негізделген.
Әдебиеттер
1. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Ч. 1: Международная микроэкономика: движение товаров и факторов производства. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1997, 416 с.
2. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Международная макроэкономика: открытая макроэкономика и макроэкономическое программирование. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1999. 488 с.
3. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для вузов/Пер. с англ. Под ред. В.П. Колесова, М.В. Кулакова. М.: ЭФ МГУ, ЮНИТИ, 1997. 799 с.