Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері және маңызы

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызмет түрі, оның міндеттері және маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізудің тарихи түрлері мен нысандары. Қылмыстық іс жүргізу сатылары және олардың жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу функциялары. Қылмыстық іс жүргізудің философиялық және рухани бастамасы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы оқу пәні ретінде, оның орны және заңгер-маман қалыптастырудағы маңызы. Курстың негізгі түсініктері, жүйесі және заты.

Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.
Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал қылмыстық іс жүргізу заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.
Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.

Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді.
Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.