Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қаржы құқықтық қатынастары

Жоспар
Кіріспе 3
1. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалары 4
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері 5
3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы құқықтық актілері 6
Қорытынды 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 9

Кіріспе
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жікте месінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының, қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері.

1. Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалары
Қаржы құқығында қаржы - құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп қаржы-құқықтық нормалардың императивтік сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.

2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы құқықтық актілері
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқталуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.

Қорытынды
Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп қаржы-құқықтық нормалардың императивтік сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С.: «Қаржы» - жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы – 2005.