Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Конституциялық Кеңес

Жоспар
Кіріспе 3
2 Конституциялық iс жүргiзу 7
3 Конституциялық Кеңесінің Аппараты 15
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:
1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.

2 Конституциялық iс жүргiзу
Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар болып өтiнiштерi бойынша конституциялық iс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады:
1) Республика Президентi;
2) Парламент Сенатының Төрағасы;
3) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы;
4) өздерiнiң жалпы санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттары;
5) Премьер-Министрi;
6) Республика соттары;
7) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар.
Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Конституциялық Кеңеске өз өкiлдерiн жiбере алады, олардың өкiлеттiгi азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделедi.

3 Конституциялық Кеңесінің Аппараты
Аппараттың Басшысы:
Аппараттың жұмысын ұйымдастырады, Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына жеке басымен жауап береді;
Конституциялық Кеңестің Аппараты туралы ережені Төрағаның бекітуіне ұсынады, Аппараттың құрылымы мен штат саны туралы ұсыныс енгізеді;
Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді;

Қорытынды
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнен олар тағайындалғаннан кейiн Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында салтанатты жағдайда Республика Президентi мынадай мазмұнда ант қабылдайды: Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев А.А. «Министерская власть в конституционном государстве. Её основы, роль и современное положение», Харьков, 1910 г.
2. Овсенян Ж.И. «Правовая защита конституций. Судебный контроль в зарубежных странах», Ростов-на-Дону, 1992 г.
3. Нудель М.А. «Конституционный контроль в капиталистических государствах», М, 1968 г.
4. Газета «Собрание законодательств РК», 1994 г. №13
5. Бойцова Л.В. «Конституционная юстиция, теория интерпретации и демократический процесс» Вестник Конституционного Суда №2, 1997 г.