Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 39 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау


Жоспар
Кіріспе 3
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 6
1.1 Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып 6
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары 9
2.1 Объектілерді түгендеу жұмыстары 12
2.2 Қателерді түзету 14
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау 16
3.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу 16
3.2 Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері 18
3.3 Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі 18
3.4 Қаржылық есеп берудің элементтері 19
3.5 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды 22
IV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау 28
4.1 Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі 28
4.2 Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі 29
4.3 Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері 30
4.4 Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу 31
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Кіріспе

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.
Қаржылық есеп беру заңдар мен принциптер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
Және де бұл тақырыпқа сай мынадай бөлімдер қарастырылады:
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.

І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

1.1 Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.

2.1 Объектілерді түгендеу жұмыстары

Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оны бар-жоқтығы және заттай көлемі тексеріледі,сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтайтау, құрылыс монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек, тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.

2.2 Қателерді түзету

Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымды ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субъект қолданатын бағалау тәртібінің шындыққа жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.
Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі барлық қателерді елеулі және елеусіз қателер деп бөлуге болады. Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол елеулі қате деп саналады.
«Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес елеулі қателер - өткен кезеңде кеткен қатенің есептік кезеңде табылуы, бұл қатенің елеулігі сондай, оны түзету күніне қарамастан өткен кезеңдегі қаржылық есеп беру шындыққа жанасымды деп есептелінбейді.
«Таза табыс немесе кезеңдегі залал, елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістер» МСФО негізгі қателерге анықтау жүргізіледі. «Негізгі қателер – бұл ағымдағы кезеңде анықталған аса елеулі қате. Оның елеулігі соншалықты, бір немесе алдағы кезеңдегі қаржылық есеп берулер оларды шығару сәтінде сенімсіз деп саналады. Бір немесе бірнеше алдағы кезеңдерге қаржылық есеп беруді дайындауда кеткен қате ағымдағы кезеңде табылуы мүмкін». Қателер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:

ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

3.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу

Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:
 Берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияларды сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субъектінің дивидент төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;
 Тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер;
 Тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушылар мен басқа сауда кредиторлары;

3.3 Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі

Ол мынандай аспектілерден тұрады:
Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Алайда, қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпарат жинақтайды:

3.4 Қаржылық есеп берудің элементтері

ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:
 Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте марғызды.

IV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау

Есептік кезең біткен соң ШЖС қаржылық есеп беруді жасайды. ШЖС құрамында ҚР аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолиданған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.
Заңды тұлға егер де басқа заңды тұлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарынан басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

4.1 Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолиданған есеп беруі

Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін, егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып танылады, ал бақылайтын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидалынған есеп беруін жасайды.

4.2 Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі

Негізгі заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулерінде тәуелді заңды тұлғалардың инвестициясы консолидалынған қаржылық есеп беруінде «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі» деген БЕС сәйкес есепке алынуы мүмкін. Бұл жерде үлестік қатысу әдісін пайдаланады. Тәуелді заңды тұлға бұл инвестордың біршама ықпалында тұратын тұлға және ол еншілес те, бірігіп бақылатын заңды тұлға емес болып табылады.

4.3 Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері

Өзінің қатысу үлесін есептеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын ШЖС «Бірлескен қызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылық есепте көрсету» деп аталатын БЕС басшылыққа ала отырып ұйымдық құқықтық нысанына тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.
Бірлескен қызмет жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.
Бірлескен қызмет бойынша қатысушылар өзінің қаржылық есеп беруінде және консолидалынған есеп беруінде танылуы тиіс:

4.4 Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу

Есептік кезеңде кез келген заңды тұлғаның қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылық есеп беруде көрсетілген сандар болған оқиғаның себебін толық аша бермейді. Көптеген себептердің ішінен ең маңыздысы зерттеледі, әсіресе бір заңды тұлғаның екінші бір нарық субъекттісімен болған қатынасы, яғни ШЖС қаржылық нәтижесіне қатты әсер еткен факторлар алынады. Егерде екі субъекттің арасында айрықша қатынастар қалыптасса, онда олар «байланысқан тараптар» деп аталады. Заңды тұлғаның қызметіне, қаржылық нәтижесіне және жағдайына әсер ететін негізгі факторлар, ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Қорытынды

Қорыта келе айтсақ,қаржылық есеп беру дегеніміз кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.