Қонақ үй администраторының жұмысын автоматтандыру
Жоспар
Есептің қойылымы 3
Кіріспе 4
1 Алматыда орналасқан қонақ үйлер 7
1.1 Алматы қонақ үйі 7
1.2 Алатау қонақ үйі 7
1.3 Жетісу қонақ үйі 7
2 Мәліметтер базасын ұйымдастыру 8
2.1 BDE Administrator 8
2.2 Мәліметтер базасының кестесін құру 9
2.3 Кестенің қасиетін беру 11
2.4 Paradox форматының кестелері 13
2.5 Компоненттер парағы 14
3 Есептің алгоритмі 18
3.1 Функционалдық тағайындалуы 18
4 Программаның баяндалуы 19
4.1 Жалпы мағлұматтар 19
4.2 DataBase-те кестелер құру 19
5 DELPHI-де формалар құру 24
6 Шыққан нәтиже 26
7 Бақылау мысалдарын баяндау 27
Қорытынды 29
Пайданылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
2 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: «Сирена» немесе «Экспресс» авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
• иерархиялық;
• желілік;
• реляциялық;
• объекті – бағытталған.
Иерархиялық модельде деректер ағаш тәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
2.1 BDE Administrator
DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (Сурет 1.1)
2.2 Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
2.3 Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
2.4 Paradox форматының кестелері
Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады.
3 Есептің алгоритмі
1. BDE Administrator – ды ашып, біздің мәліметтер базасына керекті драйверді таңдаймыз (STANDART). Диалогтық терезенің оң жағында PATH параметріне құрылған каталогтың жолын көрсетеміз.
2. Деректер базасын құру үшін ең алдымен Database Desktop арқылы бізге керекті кестелерді құрамыз. Сонымен қатар, бас кестенің қосымша кестелермен байланыстыру үшін бас кестеде екінші индекстерді тағайындау керек. Бас кестені қосымша кестелермен байланыстыру керек. Барлық құрылған кестелерді BDE Administrator – да көрсетілген каталогқа сақтау керек.
3.1 Функционалдық тағайындалуы
Мәліметтер базасының көмегімен қолданушы мәліметтерге қатынаудың жолын қысқартады. Мәліметтер базасы үлкен фирмаларда, мекемелерде және т.б көп жерлерде қолданылады.
4 Программаның баяндалуы
4.1 Жалпы мағлұматтар
Delphi ортасы – бағдармалаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
4.2 DataBase-те кестелер құру
DataBase-ті жүктеп, File – New командасын таңдағаннан кейін шыққан менюден Table-ді таңдап алғаннан кейін Paradox7-МҚБЖ таңдап алдым.Кесте құрылымын құру терезесі ашылғаннан кейін оның әр өрісіне ат (Field Name) беріледі.Ол өріс идентификаторы болып саналады.Идентификатор 25 символдан тұруы мүмкін.Содан кейін өрістің типін (Type) таңдап алу керек.Оны тышқанның оң жақ түймешелігін басу арқылы контекстік менюден таңдап алдым.
Қорытынды
Қорыта келгенде, осы курстық жұмысты жаза отырып мен DELPHI ортасымен таныстым. DELPHI құралы үлкен бір программалық орта болып саналады. Соған қарамастан DELPHI ортасында жұмыс істеу онша қиын емес және де өте қолайлы. DELPHI – деректер базасын басқару жүйесі болмаса да, деректер базасымен жұмыс істегенде жоғарғы дәрежеде жұмыс істейтініне көзім жетті. DELPHI–де өзім үшін екінші рет деректер базасын жасадым. DELPHI қолданушы үшін мәліметтер базасын жасауда көп мүмкіншіліктерді береді. Сол мүмкіншіліктердің біразын біз осы курстық жұмысты жазу барысында қолдандық.