Құқык, ұғымы мен белгілері
ЖОСПАР
1. ҚҰҚЫК, ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 3
2. ҚҰҚЫҚТЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 7
3. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14
1. ҚҰҚЫК, ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық» - ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу,меншікиесіболу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъектиивтік (тұлгалар) құқық - тұлғалардың мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтык қатынастарға катысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғанын құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
2. ҚҰҚЫҚТЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдык қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз коғамдык қатынастарды реттейтін, коғамдық пікір күші ыкпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, коғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандылық, енеге) нормалары, қоғамдык ұйымдар (корпоротивтік) нормалары, әдет-ғұрыптар; дін нормалары және т.б.
3. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Құкық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқыктын. пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушыкүштердің мағынасы әңгімеге аркау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің қүкық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғам-ның материалдық түрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» үғымының тар мағы-насы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге белінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2. Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3. Е.Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова «Құқықтану» 2007ж.