Қазақстандағы экожүйелер
Жоспар
1 Қазақстандағы экожүйелер 3
1.1 Орман дала 3
1.2 Шөл 4
1.3 Шөлей 5
1.4 Теңіз сулары экологиялық жүйелердің түрі 5
1 Қазақстандағы экожүйелер
1.1 Орман дала
Қоңыржай белдеудегі орманды дала экологиялық жүйе Батыс Еуропаның көпшілік жерін,Шығыс Еуропа жазығын,Орал,Батыс Сібір, Орта Сібір таулы үстірттерін, Қиыр Шығыс алқабын алып жатыр.
Қазақстан жерінде орманды дала экологиялық жүйесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облыстарының Солтүстік аудандары кіреді.Басқаша айтқанда жалпы сырт қыратының солтүстігі осы жүйеге жатады. Ол Республика териториясының 7 пайызын алып жатыр.
Ормандарда бұлан,елік,сусар, ақ тиін,құстар, ашық далада атжалман, саршұнақ,сиыр,қоян,безгілдек,түлкі,қасқыр т.б.
1.2 Шөл
Бұл экологиялық жүйеге жататын алқаптар шөлейт жүйенің қоңыржай,субтропиктік және пропиктік белдеулерінде кездесе береді.
Жер шараның 2 % ғана шөлді өлкеге жатса, Қазақстан Республикасы териториясының 40 0% осы алқапқа кіреді. Солтүстік еңдіктің 48 градусынан төмен жатқан Қазақстан жерінің кең бөлігі шөлді өлке болып табылады.
Бұл өңірдің климаты тым қуаң, күні мен түнінің t айырмашылығы көп. Жылдық жауынның орташа мөлшері 200 мм. шамасында, кей жерлерде 75 мм дейін азаяды.
1.3 Шөлей
Таралу орнына қарай шөлейт экологиялық жүйе қоңыржай, субтропиктік белдеулерге бөлінеді.
Солтүстік қоңыржай белдеулікке Еуропа мен Азия шөлейт аудандары кіреді. Ол Каспий теңізінің батыс шетінен Қиыр шығысқа дейінге ұзындығы 10 мың км – ден астам,ені 500 км – ге жететін алқапты алып жатыр.
Қазақстанда шөлейт аймақ жердің 23 % алады. Солтүстік шекарасы Орал қаласынан басталып, Теңіз көлін, Қарағанды облысының оңтүстік бөлігін басып өтеді.
1.4 Теңіз сулары экологиялық жүйелердің түрі
1.Ашық мұхиттар экология жүйесі – теңіз сулары жүйесінде көлемі жағынан үлкен алқапты алып жатыр.
2.Жағадағы сулар экологиялық жүйесі теңіз жағалауынан басталып ашық мұқиттар экологиялық жүйесіне дейінгі алқапты алып жатыр.