Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу


Жоспар
Кіріспе 3
1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 6
1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні 6
1.2 ААҚ «Наурыз-Банк Қазақстан» сипаттамасы 11
1.3 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 15
1.4 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 17
1.5 Концептуалды схема 24
2 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені жобалау 25
2.1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы несиелік тәуекел мәселесі 27
2.2.1 Кіріс ақпараты 37
2.2.3 Шығыс ақпараты 39
2.3 Ақпараттық база 40
2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі 44
2.4.1 Есептің шығару алгоритмін сипаттау 44
2.5 Программалық қамтамасыз ету 48
2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау 48
2.5.2 Программалық қамтамасыз ету құрылымы 49
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала 55
3.1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынды есептеу 55
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау 59
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиет тізімі 61

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу

1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептен тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

1.2 ААҚ «Наурыз-Банк Қазақстан» сипаттамасы

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғарлығы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

1.3 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты - несиелік тәуекелдіні басқару, яғни қарыз алушының төлем қабілетін талдау, қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау, қарыз алушының рейтингін анықтау, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, іздеу болып табылады.
Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

1.4 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялар мен құру үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын [Бралиева, 46-50бет].
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

1.5 Концептуалды схема

Концептуалды схема ақпараттық жүйенің қызмет етуінің негізгі әдістемелік ізденістерін көрсетеді. Схемалардың жиынтығы иерархия және сызықты байланысты құрылымды көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе жоба құжаттарын өңдегенде жүйедегі графикалық интерпретация маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық үлгілер, алгоритмдердің блок схемалары, ақпаратты өңдеудің технологиялық үрдісі, құжаттар айналымы, ақпараттар ағымы және т.б.
Негізгі концептуалды жүйенің бір тұтастылығының құрылуының ақпараттық жүйе әдістемелері мен аспектілерінің тұтастай және негізгі құрал жабдықтарын анықтайды, сонымен қатар пәндік салада кіретін жүйе астарының қызметін көрсетеді. Кез келген ақпараттық жүйе екі бөлімнен тұратын жүйе ретінде қарастырылады: жабдықтаушы және атқарушы.

2 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені жобалау

Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.
АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі. Мұндағы жобалау жабдықтарына – типтік жобалау шешімдері, Қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары,яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.
Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.
Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, тұрғызылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әрқайсысына дайын жобалау шешімін құрастыруды шамалайды.

2.1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы несиелік тәуекел мәселесі

Несиелік тәуекел - несие бойынша алынған қарыз бен оған қойылған пайыз мөлшерлемесін өз уақытында қайтара алмауынан туындайтын тәуекел.
Банктердің несиелеу тәуекел дәрежесі мынадай факторларға байланысты:
Ұзақ мерзімді приоритеттерінің жоқтығы немесе банктің несие стратегиясының жиі өзгеруі;
Белгілі бір саладағы немесе географиялық аймақтағы банк клиенттері концентрация дәрежесінің немесе сондай облыстардағы несие операциялары концентрация дәрежесінің жағымсыз коньюктуралы өзгерістерге ұшырауы;
Қамсыздандырылмаған және сенімсіз несиелердің, сондай-ақ қаржылай қиыншылығы бар клиенттер несиелерінің меншікті салмағы;
Банктер үшін жаңа, дәстүрлі емес нарық сигментіндегі банк қызметінің концентрациясы;
Қысқа уақыт аралығында практикаға көп мөлшерде экономикалық негізделмеген жаңа қызметтерді енгізу;
Кепіл ретінде бағасы күмәнді, нарық жағдайында нашар сатылатын немесе тез арада құнсыздануға ұшырайтын құнды заттарды алу.

2.2.1 Кіріс ақпараты

Кіріс ақпараттары – ақпараттық жүйенің қызметтері орындалуы үшін пернелерден сигналдар, құжаттар түрінде келетін мәліметтер мен ақпараттар. Кіріс құжаттары өз алдына алынатын файлдар негізінде жедел болып бөлінеді, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық фактілерін, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер, сонымен қатар анықтамалық – мәліметтерді көрсетеді. Өңдеуге жіберілетін ақпарат бақылаудан өтуі керек, сондай-ақ программалық бақылау да қарастырылуы тиіс. Есептің кіріс құжаттарына:
- қарыз алуға өтініш;
- қарыз алушының анкетасы;
- кәсіпорынның қаржылық құжаттары;
- қарыздың бар жоқтығын растайтын анықтама;
- кепілші тұлға;
- банк талаптарына сай бизнес-жоспар;
- уставтар;
- кепіл бойынша құжат.
Кіріс құжаттарының тізімі 6-кестеде көрсетілген.
6-кесте
Кіріс құжаттарының тізімі

2.2.3 Шығыс ақпараты

Шығыс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметінің орындалуы нәтижесінде алынатын басқару объектісіне немесе басқа да басқару жүйесіне мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпарат болып табылады.
Берілген есептің шығыс құжаттары:
- қарыз алушыға рейтинг беру арқылы оның тәуекелін анықтау;
- келісім шартқа отыру.
Шығыс құжатының сипаттамасы 8-кестеде көрсетілген.
8-кесте Қарыз алушыға рейтинг беру

2.3 Ақпараттық база

Ақпараттық база - бұл басқару есептерін шешу үшін экономикалық объектіні жұмыс істеу барысында оны айнытпай дәлме-дәл бейнелейтін ақпарат массивтерінің бірігуі. қазіргі уақытта ақпарат базасын тұрғызудың екі ыңғайы қалыптасқан: жеке қолданушыларға қызмет көрсетуге арналған массивтердің бірігуі секілді қойманы тұрғызу, ол АЖ-ны тұрғызудың бастапқы кезеңдеріне тән; саны көп қолданушылар үшін интегрирленген ақпарат қоймасын тұрғызу.
Ақпараттық база келесілерден тұрады:
- ақпаратты кодтау жүйесінен;
- ақпараттық массивтен, яғни ақпараттық базаны тұрғызуға кіретін мәліметтер массивінен;
Ақпараттық база машина ішіндегі және машинадан тыс болып бөлінеді.
Машинадан тыс ақпараттық база келесілерден тұрады:

2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі

2.4.1 Есептің шығару алгоритмін сипаттау

Математикалық қамсыздандыру – ақпаратты өңдеу алгоритмдерінің модельдері мен математикалық әдістерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның төлем қабілетін зерттеу - негізгі қаржылық көрсеткіштерді, коэффициенттерді талдау болып табылады.
Төменде негізгі қаржылық көрсеткіштердің есептеулері:
Жабылу коэффициенті = айналым капиталы
қысқа мерзімді міндеттемелер
Ликвидтілік коэффициенті = ақшалай қаражат + дебиторлық қарыз + активтер / қысқа мерзімді міндеттемелер;
Міндеттемелердің қызу коэффициенті = ағымдағы міндеттемелер
бір күнде түскен түсім
Тәуелсіз коэффициенті = меншік қаражаты
заемдық қаражат
Меншік айналым қаражатының ауқаттылық коэффициенті =
меншік айналым қаражаты
қаржы айналымы
Сатудың рентабельділік коэффициенті = өткізуден түскен пайда
өткізуден түскен ақша
Айналымдылық коэффициенті = активтер шамасы
өткізуден түскен ақша.
Альтманның Z-үлгісі.
Компанияның банкротқа ұшырау тәуекелі деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін, төлем қабілетін және қаржы жағдайының көрсеткіштерін бағалауға негізделген статистикалық модель.
Альтман моделі қаржы коэффициенттерін көптеген сызықтық, дискриминантты талдаулар көмегіне негізделіп құрылған талдау, топтардың ішінде минимал қобалжуларды, тоатар арасындағы максимал айнымалы қобалжуларды тағайындап, несиеге берілетін өнім құнының оптимал мәнін анықтайтын – статистикалық әдіс. Минимал айнымалы дефольт басталған кездегі несиеге берілетін өнім құнына, ал максимал айнымалы міндеттемелерді өз уақытында орындау кезіндегі несиеге берілетін өнім құнына сәйкес келеді. Осындай үлгілерді құру әр түрлі статистикалық белгілер негізінде айнымалы қосу және шығару барысындағы қадамды үрдіс.

2.5 Программалық қамтамасыз ету

ЭЕМ-ді программалық жабдықтау мәліметтер базасын өңдеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенінен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, есептердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.
Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін, есептеу кезеңінің «және-немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін АЖ-ны программалық жабдықтаудың бөлімі. Бұл бөлім үшке бөлінеді: амалдық жүйе, программалық өнімді тұрғызу жабдығы, сынаққа арналған программалар.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесінің программалық қамсыздануы келесілерден тұрады:

2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау

Қолданбалы программаларды өңдеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты Delphi-Borland, C++ және т.б. тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады. Құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес, сонымен қатар Ассемблер, компоновщиктер және т.б. жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құрал жабдықтары да, операциялық жүйелер де қарастырылады.

2.5.2 Программалық қамтамасыз ету құрылымы

Программалық қамтамасыз етудің құрылымы ортақ жүйелі және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Ортақ жүйелі программалық қамтамасыз ету - программалар бірлігінен тұратын кең қолданушылар көлеміне бағытталған есепті ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бірлігі.

3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала

3.1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынды есептеу

Ақпараттық жүйені жасап шығаруға кететін шығындарды бағалау жүйені жасаудың нәтижелерін шығаруда маңызды критерий болып табылады. Шығындардың есептік деректері 15-кестеде көрсетіліп, анықтамалар берілген.
15-кесте
Есептеуге арналған алғашқы мәліметтер

Фбр = (жылдағы жұмыс күндерінің нақты саны – мейрам алды күндерінің саны) * 8,2 – мейрам алды күндерінің саны 7= (270-8)8,2+8*7= 2204,4 сағат.
Жұмысшылардың жобаны енгізбестен бұрын істейтін жұмыстарының еңбек сыйымдылығы (До) келесі формуламен анықталады:
До = Ч * Фбр (1)
Мұндағы, Ч – жұмысшылар саны, адам
Фбр – бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат
Яғңи, До = 5 * 2204,4 = 11022,0 сағат
Жоба енгізілместен бұрын жұмысшы жасайтын жұмыстар құны (Со), келесі формуламен анықталады:
Со = До * З [(1+д) * (1+с) + н] (2)
Мұндағы, До – жоба енгізбестен бұрын жұмысшының жұмыстарының еңбек сыйымдылығы;
З – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;
Д – қосымша жалақыны ескеретін коэффициент;
С – зейнетақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;
Н – қосымша шығындарды ескеретін коэффициент.
Со = 11022,0 * 0,85 * [(1+0,7) * (1+0,14) + 0,33] = 21248,2116 = 21,25 мың тг Ақпаратты автоматты түрде өңдеу жағдайында жұмыстардың еңбек сыйымдылығы жұмысшыларға қалған жұмыстардан және ДЭЕМ пайдаланудан тұрады.
Жобаны енгізуден кейін жұмысшыларға қалған жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Дост) келесі формуламен есептелінеді:
Дост = До * (1 – р / 100) (3)
Мұндағы, До – жұмысшылардың автоматты жұмыс орнын енгізуден бұрын жұмыстарының жылдық еңбек сыйымдылығы, сағат;
Р – бастапқы көлемнен ДЭЕМ-ге берілетін жұмыстардың процентін ескеретін коэффициент.

3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау

«Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруды анықтауда қарыз алушының рейтингін анықтау « ақпараттық жүйесінің тиімділігі ретінде оның тағайындалуына сәйкестік дәрежесі мен жақсы икемділікті қамтамасыз ету мақсатымен есептеу және сұраныстарды қалыптастыру үрдістерін ұйымдастыруының дұрыс тағайындалуы, оның техникалық және методологиялық жетістігі және экономикалық тұрғыдан ақталатындығы түсініледі.
Ақпараттық жүйенің тиімділігі кезінде келесі көрсеткіштердің анықтамасын қамтиды: өнімділік, нақтылық, сенімділік, икемділік, интерфейстің достастығы, интерактивті режимде жұмыс істей алуы және т.б.
Ақпаратты іздеу жүйесінің жұмыс істеу жағдайлары үздіксіз өзгеруі мүмкін, әсіресе бұл тақырыптық аймақ, яғни нақты қосымшалар, өңдейтін ақпарат көлемі, сондай-ақ олардың мазмұнына қарасты шешілетін есептер тізімі. Бұл жағдайда берілген ақпаратты іздеу жүйесі оның элементтері арасында есептеу көлемін жедел түрде қайта бөлу қасиетін қамтамасыз етуге едәуір икемді, сондай-ақ жаңа есептер қосуға кеңейтілмелі болып табылады.
Сондай-ақ ақпараттық жүйенің тақырыптық ауданының мазмұнын өзгертуге қабілетін атап айту керек. Оны банкте ақпаратты өңдеу мен сақтау үшін мәліметтер қорында сапалық құрамы мен ақпарат көлемінен тәуелсіз пайдалануға болады. Мәліметтер қорының бүтіндігі оларды пайдалану кезі мен активті күйде тез сақталуын қамтамасыз етеді. Ақпаратты қамтамасыз етудің кешені жүйеге түсетін мәліметтерді унификациялауға мүмкіндік беріп, өңдеуді ыңғайлы түрде келтіреді.

Қорытынды

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде « тәуекелдік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген.