Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 17 стр.

Полный просмотр работы

Бәсентиін Малайсары батыр

Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе, Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын, мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен интуи­циясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр Абылай ханмен қатар аталатындай “знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп алған талғампаз, көрегендігіне таң қалмасқа болмайды.

Шоқан зерттеуіне қарағанда Малайсарының аты шыға бастаған уақыт XVІІІ ғасырдың бірінші жартысы, қазаққа төрт құбыланың бәрі жау болып, жан қысылған уақыт: “Когда джунгары, буруты (қырғыз – авт.), каракалпаки, башкиры, русские казаки, волжские калмыки со всех сторон теснили и грабили беззащитный народ, в это-то время неурядиц, смут, голодных годов и начинает возвышаться Малай - Сары, один из первых сподвижников султана Абылая...” (Ч.Ч.Валиханов.Собр. соч. 302).
Абылай маңында бұл кезеңде бірнеше саяси бағыт, мүдде, қөзқарас көрініс таба­ды. Солардың ішінде отаншыл бағыттағы топтың (Шоқан жазуынша “патриоттық партия”) көсемі Малайсары болғанға ұқсайды. Ресей бағытында ол кезде Орта жүздің Шақшақ Жәнібек сияқты батыры, ірі ру басшысы болды. Шоқан жазба­ларына, басқа да деректерге қарағанда орыс партиясының ел арасындағы беделі онша болмаған сияқты. Шоқан “русская партия была ничтожна” деп жазады.

Ал Әбілмамбет хан, Малайсары батыр, тағы басқалар Даваци мен Әмірсанадан гөрі Лама Доржымен қарым-қатынасты жақсартқан дұрыс деп есептеді. Жоңғария қанша жерден саяси дағдарысты басынан кешкенмен, жыланды үш кессең де ке­сірткедей әлі бар дегендей, әл-қуаты күшті мемлекет болатын. Даваци мен Әмір­сананы бермеген күнде екі арада жаугершілік болатыны сөзсіз еді. Осы себептен Малайсары Лама Доржыдан 1752 жылғы келген Бекей бек бастаған алғашқы елші­лікті күтіп алып, өзінің баласы Тілеуқабыл мен Жәпек батырдың ұлын қосып Қайып ауылына жұмсады. Бірақ Қайып Малайсарының “қалмақпен текке жанжалдас­пайық, қантөгіс болады” дегенін керек қылмай, қайта екі жас жігіттің өтінішіне мойынсұнбай “Малайсары жоңғар жағына болыспасын” деп шығарып салды.
Орыс деректерінде бұл әңгіме былай суреттеледі: “Послан был от зенгорского владельца Бекей-бек во сто человеках калмык для разведывания о ноенах Дебачи и Амурсаны, где и у кого они находятся по надежде к киргизскому старшине Ма­лай-Сары - батырю, которой-де и люди его частые приезды в Зенгорские владение употребляют и приказал им быть у него с месяц и заподлинно о них разведать и как возможно привесть в ургу”.

Малайсары батыр туралы газет мақалалары 90-жылдардан бастап жариялана бастады. Олардың ішінде 1991 жылғы тамыз айында “Дауа” газетінің бетінде жарияланған топтаманы айта кеткен жөн. 2003 жылы қыркүйек-қазан айларында Павлодар облысының “Сарыарқа самалы” газетінде қадірменді ақсақалдар Жұбай Нұрғалиев пен Серік Жақсыбаевтың мақалалары жарияланды. Бұл материалдар батырдың шыққан тегі мен жарқын өмірі, үрім-бұтағы, оның жұмбақ сауыты жөнін­де мәлімет береді, ой салады.
Малайсары батырға қатысты деректерді біз 2005 жылдың желтоқсан айында Алматы облысының Кербұлақ ауданында болған кезімізде де жинастырдық. Осы аты аталған ауданның Малайсары ауылында тұратын 1920 жылы туған Ысқақов Мырзахан ақсақал батырға қатысты бірсыпыра әңгімелерді айтты.