Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2015

Предварительный просмотр

Құқықтық сана және мәдениет


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Құқықтық сана 5
1.1 Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны 5
1.2. Құқықтық идеология 8
1.3 Құқықтық психология 9
2 Құқықтық мәдениет, жалпы түсінігі 13
2.1 Құқықтық мәдениет көрінісі 13
2.2 Құқықтық нигилизм, оның мазмұны 17
2.3 Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу 19
3 Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы[1, 259б]. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.

1 Құқықтық сана
1.1 Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны
Сана- объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмүнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының; бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста калыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы үрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.[2, 295б]

1.2 Құқықтық идеология
Құқықтық идеология дегеніміз - қоғамдағы қүбылыстарды, қатынастарды қүқық түрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар т.б. мамандар қатынасады. Құкықтық идеология қоғамдағы әр бағыттагы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.

1.3 Құқықтық психология
Құқықтық психология дегеніміз - қоғамның құқыктық сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғүрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында — зандарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту, құқықтык мемлекет қалыптастыру. [6, 198б]
Қүқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:

2 Құқықтық мәдениет, жалпы түсінігі
2.1 Құқықтық мәдениет көрінісі
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.

2.2 Құқықтық нигилизм, оның мазмұны
Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт-құқықтық нигилизм.
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдык, қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизм болашакта — коммунизмде — мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.

2.3 Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу
Бүл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойланта бастаған секілді. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп түр, деген ойлардың қүшағына берілуі әбден заңды да. Ерте емір сүрген талай халықтардың бұл күнде тарих таңының астында қалғанынан әркім-ақ хабардар. Сондыктан да қазіргі кезде ертеңін ойламайтын халық кемде-кем,
ТәуелсІз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ үлтының өркениетті әлемде түрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан-жылға күшейіп, өткен кезенде жақсы көрініс тапты.

3 Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары
Қоғамды, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі - еңбекші бүқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дүрыс қолданылып, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-қүлықдеп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда қукықтық тәртіп нығаяды.
Құқықтық сана-сезім аркылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандыктары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі, түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі занды мінез-құлық негізінде құрылады, Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді занды мінез-құлық және бәсең (енжар) заңды мінез-кұлық.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысымды қорытындылай келе, құқықтық сана - сан қырлы феномен екеніне көзім жетті. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін.