Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі турлері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
1. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі 6
1.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері 8
1.2.1 Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару 10
1.2 2 Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу 11
1.2.3 Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу 13
1.3 Экономикалык контрабанда 16
1.3.1 Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі»,- деді.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.
1.2.1 Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
1.2.3 Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.
1.3 Экономикалык контрабанда
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі.
1.3.1 Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді
Жарлықтың 3-бабының 4 бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағының іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлері кедендік шекара болып табылады.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеуге берілген «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» деп аталатын курстық жұмыстың «Негізгі бөлімі» мынадай 3 бөлімнен тұрады:
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері
3. Экономикалық контрабанда
«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі» бөлімінде: Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім, Алматы – 2001
2. Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
3. Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
4. Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/
Хабаршы №2, 2003 ж.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
8.Ұлжанов Е. Экономикалық қылмыстарға жол берілмесін, Заң – 2004
9. «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы » заң
1995 ж 17 сәуір.
10. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң 1995 ж 17 сәуір.
11. «Лицензиялау туралы» 1995 ж 2 мамыр.