Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан тарихы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан территориясындағы ерте дәуір

Жоспар
1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғ.ғ.).
2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).
3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы.

1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғғ.).
Сақтар. Сақтардың тайпалық одақтары.
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет.
Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн.

Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.

2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).
Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді.

Қаңлылар.
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.

3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы.
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.
Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.
Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.

Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.
Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған.

Ғұндардың шаруашылығы.
Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.