Қаржылық есептілікті ұсыну
Кәсіпорын есептілігі – өткен жылдағы жұмысының шартымен нәтижиесін сипаттайтын көрсеткіш жүйесі.
ҰСҚЕ 2 сәйкес қаржы есептілігі: бухгалтерлік баланстан, табыс және шығыс туралы есептіліктен, қаржы қаражатының айналымы туралы есептіліктен, өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен, қаржы есептілігіне түсініктеме хаттан құралады.
«Қаржы есептілігін ұсынуы және дайындығы үшін концептуалды негізінде» қаржы есептілігінің негізгі элементтеріне анықтама берілген: активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, табыстар, шығыстар. Бухгалтерлік баланс субъектілерде бар активтерді, өзіндік капиталын, міндеттемелерін көрсетеді. Бухгалтерлік баланста активтермен міндеттері ұзақ мерзімді және ағымды болып жіктеледі. Бухгалтерлік баланста келесідей көрсеткіштер бар.
Ағымды активтер:
Ағымды активтерде есептік күннен бір жыл ішінде алынған дебиторлық қарыздар көрсетіледі. Ағымды міндеттемелерде есептіктен кейінгі бір жыл ішіндегі төлеулерге жататын ұзақ мерзімді міндеттердің бір бөлігі және қысқа мерзімді несиелер көрсетілуі қажет.
Табыс және шығыс туралы есептілік келесідей көрсеткіштерден тұрады:
Ақша қаражатының қозғалысы мен олардың эквиваленттері туралы қызметінің үш түрі бойынша ақпарат ұсыну, экономикалық шешімдердің қабылдау үшін, қаражат есептілік пайдаланушыларын пайдалы ақпаратпен қамсыздандыруын рұқсат етеді.
Пайдаланушыларымен қаржылық ақпаратты қабылдау үшін ақша қаражатының ағымдары келесі қызметтен түскен ағымдарға жіктеледі:
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есебінде ұсынылатын ақпарат пайдалылығы 12 кестеде берілген.
Кесте 12 - Ақша қаражатының қозғалысы туралы есебінде ұсынылатын ақпарат пайдалылығы
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер. Әдістерді салыстыру 13 кестесінде берілген.
Кесте 13 – Ақша қозғалысы бойынша есептілікті құру әдістерін салыстыру
Қаражат ағымы бойынша жанама әдісімен есептілікті құруының жалпы схемасы 15 кестеде берілген.
Кесте 15 - Жанама әдіспен негізгі қызметтен қаражат ағымын анықтау
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оған мыналар жатады: шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер; алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.