Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
Инфляция термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1. Бейімделу саясат жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, компаниялар мен фирмаларды қысқа мерзімде жобаларды өткізеді.
2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнініде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күрес бағытталған эканомиканы мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляция жалақы өзгергенде, яғни ол жаңадан бекітілген жалақы ретінде бағаға енеді. Инфляция жиынтық ұсыным қисығында баяу жұмыс атқарады. Сондықтан бұл процесс инфляциялық енжарлықты көрсетеді. Қазіргі нарықты экономика жағдайында экономикалық өсуді жоғарлату мақсатында жүргізіліп отырған саясаттардың бірі осы инфляция процестерін реттеу болып отыр. Бұл бағытта еліміздің Үкіметі, Ұлттық Банк, Қаржы министірлігі бірігіп жұмыс жасауға және ол жұмыстарының нәтижесі бар. Инфляция деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген.