Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Еңбек құқығы бойынша жыл сайынғы ақы төленетін демалысты құқықтық реттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5-6
1 Жыл сайынға еңбек демалысының ұғымы және түрлері 7-11
2 Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы 12
2.1 Жыл сайынғы еңбек демалысының кестесі 12-14
2.2 Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы 14-15
2.3 Пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы төлеу 16-18
3 Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беру тәртібі 19
3.1 Мемлекеттік органдардағы жыл сайынғы еңбек демалысы 19-34
3.2 Шетелдегі Қазақстан Республикасы қызметкерлеріне еңбек демалысының берілуі 34-38
4 Шетелдердегі еңбек демалысының берілу тәртібі 39-55
ҚОРЫТЫНДЫ 56-58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59-60
ҚОСЫМША 61

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыстың тақырыбы кездейсоқтықтан емес, оның мәнінің өзекті және маңызды болғандықтан таңдалды. Қазақстан Республикасының экономикалық өзгерістер барысында еңбек құқығының негізгі бағыттарының бірі болып еңбек демалысын реттеуге жаңа жақындықтарды қалыптастыру табылады.
Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы (БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші сессиссында 1948 жылы 10 желтоқсанда 217 А қарауында қабылданды) адам құқығына демалысты және бос уақытты, сондай-ақ шектеулі жұмыс уақытын және кезекті ақылы демалысты әр бір адамның ажырамас құқығы ретінде бекітті.

1 Жыл сайынғы еңбек демалысының ұғымы және түрлері
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Еңбек құқығында демалыс уақыты деп Еңбек Кодексіне сәйкес қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша өз мүдделерін қанағаттандыру және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін пайдалана алатын күнтізбелік уақыттың бір бөлігі.
Сонымен, демалыс уақытының өзгешелік белгілеріне:

2 Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы
2.1 Еңбек демалысының кестесі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әрбір азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамға еңбек қатынастарын реттейтін заң актілерінде белгіленген белгіленген жұмыс уақытына, демалыс және мейрам күндерінде демалуға, жыл сайынғы ақысы төленетін кезекті еңбек демалысын алуға кепілдік берілген. Осыған орай, ұйымдарда кезекті еңбек демалысын ресімдеу кадр қызметінің басты функцияларының бірі болып табылады.
Кезекті еңбек демалысын ресімдеу кезінде алдымен Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңына жүгіну керек.

2.2 Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы
Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Республика Президентінің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы – 45 күнтізбелік күн (Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығы, 29- бап)
Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынан қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы отыз күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.

2.3 Пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы төлеу
Орташа еңбекақыны есептегенде шаруашылық субъектілері пайдаланып жүрген заңдарға сәйкес мына тәртіптерді басшылыққа алу қажет. Нақтылы жағдайларға байланысты орташа еңбекақы қай мерзімге есептеу керек екендігіне қарай бөлінетін. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептелінеді:

3 Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беру тәртібі
3.1 Мемлекеттік органдардағы жыл сайынғы еңбек демалысы
Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы
1. Мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленiп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттiк қызметшiге жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк орган басшысының шешiмi бойынша жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылып алынуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк қызметшiге тиiстi жылдың басқа кез келген уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады.

3.2 Шетелдегі Қазақстан Республикасы қызметкерлеріне еңбек демалыстарының берілуі
Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы №577 қаулысымен бекітілген Ережелер арқылы реттеледі.
Осы Ереже шет елдегі Қазақстан Республикасының мекемелеріне штаттағы қызметке қабылданғандарға; материалдық қамтамасыз етілуі жағынан жағдайлары шетелдегі Қазақстан Республикасы бюджеттік мекемелерінің қызметкерлеріне теңестірілген басқа да қызметкерлерге; қысқа мерзімді іссапарымен шетелге баратын мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлеріне қолданылады.

4 Шетелдердегі еңбек демалысының берілу тәртібі
Батыс елдерінде жыл сайынғы ақы төленетін демалыстың ұзақтығы әр түрлі санаттағы жұмысшылар үшін бір аптадан сегіз аптаға дейін өзгеріп отырады.
АҚШ-та демалыс саласы туралы заңнамалар мүлдем жоқ деп айтуға болады. Әлемнің басқа елдеріне қарағанда американдықтарда демалыс ұзақтығы өте қысқа, бар болғаны 14 күн. Америкада жұмысшының қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты демалыстың ұзақтығын жұмыс беруші шешеді. Орташа алғанда жұмысшылар фирмада бірінші жыл қызмет еткенде 9,6 күн, екінші жылдан кейін 11,5 күн, үш жылдан кейін 13,8, ал 5 жылдан кейін 16,9 күнге ақы төленетін еңбек демалысын алады. Осыған қарамастан американдықтардың тек 14 пайызы ғана демалыстың 14 күнін толығымен алады. Ал қалғандары демалысқа ең көптегенде 10 күнді ғана алады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осы дипломдық жұмысымды аяқтай келе, жалпы ойымды қорытындылайтын болсам, «Еңбек құқығы бойынша жыл сайынғы ақы төленетін демалысты құқықтық реттеу» атты дипломдық жұмысым негізінен төрт тараудан тұрады. Мен бірінші тарауда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының жалпы ұғымы мен қандай түрлері болатындығы туралы қарастырдым. Онда біз жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан басқа да жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары, жалақы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы және баланы тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыстар бар екенін білдік. Бұл демалыстардың барлығы да әр түрлі жағдайларға байланысты беріледі және мағыналары да әр түрлі.