Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Ойлау – адам танымының жемісі 9
1.1 Тіл, ойлау және таным 9
1.2 Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың маңызы 11
1.3 Ойлауды оқыту үрдісінде дамытудың жолдары 18
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту 23
1.5 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауының психологиялық негіздері 26
2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы 31
2.1 Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, тіршіліктің көзі 31
2.2 Шабыт пен шығармашылық - кәсіби шеберліктің негізі 36
2.3 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары 42
2.4 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру жолдары 46
2.5 Көркем мәтін негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 49
2.6 Дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру 52
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы қазіргі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, оқу-ағарту, білім беру салаларының қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңында бастауыш білім беру туралы былай делінген: «Бастауыш білім беру – баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениеті мен дағдыларын дамытуға бағытталған».

1 Ойлау – адам танымының жемісі
1.1 Тіл, ойлау және таным
Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. Ақыл-ой жетістігі болып табылатын, ақиқат, өмірдің бейнелуін қамтамасыз ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол-сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма. Яғни адамдар бұл бейнелерді қалыптастыруда тілді пайдаланады, бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, бейненің бар болмасын суреттеу үшін, бір-біріне жеткізу үшін тілдік блоктарды түзеді.

1.2 Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың маңызы
Логика адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастыратын ғылым болғандықтан оны философия, психология, педагогика, әлеуметтану, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдардың зерттеу пәні. Философия өз пәні ретінде тұтастай ойлау мазмұнын, адамдардың әлемге деген көзқарасы мен әлемнен алатын орнын, олардың таным қабілеттерін зерттейді[3, 55]. Адамның жоғарғы жүйке физиологиясы адам ағзасында өтетін физиологиялық үдерістердің механизімі мен заңдылықтарын қарастырады. Психология адамның түрлі топтарының ойлау ерекшеліктерін, олардың өзара әрекетін айқындайды, олардың жасерекшелігіне қарай дене және психикалық дамуын зерттейді. Ал, педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік деп танып, өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне үйрету мақсатына бағытталған қызметі ретінде зерттейді.

1.3 Ойлауды оқыту үрдісінде дамытудың жолдары

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз - оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

1.4 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін» , «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген.

1.5 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауының психологиялық негіздері

Кіші мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет бірлігі жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін физиологиялық, анатомиялық–морфологиялық және психологиялық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталды.

2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы

2.1 Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, тіршіліктің көзі
Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда қабілеттерді «тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

2.2 Шабыт пен шығармашылық - кәсіби шеберліктің негізі

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайларының әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама-қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға - тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп дамиды, қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау [22, 65].

2.3 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары
Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған М.Әуезовтің: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», - деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез келген мемлекеттің мәдениеті дамуының деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш – білім берудегі жүйелілік және сапалылық.

2.4 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы – жеке адамның дарындылығын таныту», - деп көрсеткен [23].
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған [24].

2.5 Көркем мәтін негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Қазіргі кезеңде Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге байланысты бағытталған жаңа талаптарға лайықты білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл бағыт оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне көтеруді көздейді.
Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді.

2.6 Дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Дәл қазір оқушылардың ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушыларға білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мектептің бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық, әдістемелік негіздемелеріне және эксперименттік тәжірибе жұмысының нәтижелеріне сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келдік:
Оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктері мен бастауышты оқыту курсының оқулықтары мен бағдарламасына талдау бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың мүмкіндіктерінің мол екендігін көрсетті.
Бастауыш сынып оқулықтарындағы тапсырмалар мен жаттығуларды қайта өңдеп жаңа мазмұн беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда дидактиканың міндеттерін, оқыту үдерісін, оқу-танымдық іс-әрекетті, оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдарын тиімді пайдалануға болатындығын көрсетті.